Оқиғалар күнтізбесі

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқармасына енгізілетін мәселелерМәселені енгізуге негіздерМәселені енгізу мерзімі
1 «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның жаңартылған ішкі нормативтік құжаттарын бекіту туралы шешім қабылдау. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Жарғысының 17-бабының 17.4-тармағының 4) тармақшасы. Жыл ішінде қажеттілігіне қарай
2 «АЖК» АҚ-ның электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсетуге байланысты негізгі қызметі бойынша 2025 жылға арналған, шығыс бөлігін қамтитын, «Самұрық-Қазына» АҚ тобына кіретін ұйымдармен жасалатын, мүдделілік бар шарттарды жасасу туралы шешім қабылдау. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Жарғысының 17-бабының 17.4-тармағының 8) тармақшасы. 2025 жылдың 1 тоқсаны
3 «АЖК» АҚ-ның электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсетуге байланысты негізгі қызметі бойынша 2025 жылға арналған, кіріс бөлігін қамтитын, «Самұрық-Қазына» АҚ тобына кіретін ұйымдармен жасалатын, мүдделілік бар шарттарды жасасу туралы шешім қабылдау. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Жарғысының 17-бабының 17.4-тармағының 8) тармақшасы. 2025 жылдың 1 тоқсаны
4 Алматы облысы бойынша «220 кВ №140А “Западная” ҚС-ны автотрансформаторларды ауыстыра отырып реконструкциялау» жобасы бойынша 01.12.2023 жылғы №911781/2023/1 Шарт құнын ұлғайту туралы шешім қабылдау. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Жарғысының 17-бабының 17.4-тармағының 10) тармақшасы. 2025 жылдың 1 тоқсаны
5 «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметкерлерінің лауазымдық айлықақы сызбаларын жаңа редакцияда бекіту туралы шешім қабылдау, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның «Энергосбыт» филиалын қоспағанда. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Жарғысының 17-бабының 17.4-тармағының 4) тармақшасы. Жыл ішінде қажеттілігіне қарай
6 «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Корпоративтік хатшысы мен Комплаенс офицерінің лауазымдық айлықақы сызбасын жаңа редакцияда алдын ала мақұлдау туралы шешім қабылдау. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Жарғысының 17-бабының 17.4-тармағының 17) тармақшасы. Жыл ішінде қажеттілігіне қарай
7 «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның штаттық кестесін, еңбекақыны арттыруды ескере отырып, жаңа редакцияда алдын ала мақұлдау туралы шешім қабылдау, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның «Энергосбыт» филиалын қоспағанда. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Жарғысының 17-бабының 17.4-тармағының 17) тармақшасы. Жыл ішінде қажеттілігіне қарай
8 «Серіктес» жергілікті кәсіподағы» ҚБ-на ақшалай қаражат бөлу туралы шешім қабылдау. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Жарғысының 17-бабының 17.5-тармағы. Жыл ішінде қажеттілігіне қарай
9 «АЖК» АҚ-ның 2026-2030 жылдарға арналған тарифі мен тарифтік сметасының жобасын мақұлдау және оны уәкілетті орган ведомствосының қарауына әрі бекітуіне ұсыну туралы шешім қабылдау. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Жарғысының 17-бабының 17.4-тармағының 1) тармақшасы. Жыл ішінде қажеттілігіне қарай
10 «АЖК» АҚ-ның аудиторлық ұйымдардың қызметтерін тарту саласындағы саясатын» алдын ала мақұлдау туралы шешім қабылдау. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Жарғысының 17-бабының 17.4-тармағының 17) тармақшасы. 2025 жылдың 2 тоқсаны
11 «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның «Энергосбыт» филиалының корпоративтік менеджмент жүйесінің ішкі нормативтік құжаттарын бекіту туралы шешім қабылдау. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Жарғысының 17-бабының 17.4-тармағының 4) тармақшасы. Жыл ішінде қажеттілігіне қарай
12 «Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамының Даму жоспары мен Бюджетін әзірлеу, келісу, бекіту, түзету, орындау және орындалуын мониторингілеу қағидаларын жаңа редакцияда алдын ала мақұлдау туралы шешім қабылдау. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Жарғысының 17-бабының 17.4-тармағының 17) тармақшасы. 2025 жылдың 2 тоқсаны
13 «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның «Энергосбыт» филиалы қызметкерлерінің лауазымдық айлықақы сызбаларын бекіту туралы шешім қабылдау. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Жарғысының 17-бабының 17.4-тармағының 4) тармақшасы. Жыл ішінде қажеттілігіне қарай
14 «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның «Энергосбыт» филиалының ұйымдық құрылымы мен штаттық кестесін алдын ала мақұлдау туралы шешім қабылдау. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Жарғысының 17-бабының 17.4-тармағының 17) тармақшасы. Жыл ішінде қажеттілігіне қарай
15 «Самұрық-Энерго» жергілікті кәсіподағы» ҚБ-на 2025 жылғы спартакиаданы өткізуге ақшалай қаражат бөлу туралы шешім қабылдау. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Жарғысының 17-бабының 17.5-тармағы. 2025 жылдың 2 тоқсаны
16 «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның «Энергосбыт» филиалы атынан «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасында III кешенді «Әзіл Fest» жарысын өткізуге «Самұрық-Энерго» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігіне ақшалай қаражат бөлу туралы шешім қабылдау. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Жарғысының 17-бабының 17.5-тармағы. 2025 жылдың 2 тоқсаны
17 Филиалдың 2025 жылға арналған Бюджетіндегі ақшалай қаражатты қайта бөлу туралы шешім қабылдау. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Жарғысының 17-бабының 17.5-тармағы. Жыл ішінде қажеттілігіне қарай
18 «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Бюджет комитетінің шешімдеріне сәйкес шығыс баптарының қаражатын ішкі қайта бөлуді ескере отырып, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ бюджетін бекіту туралы шешім қабылдау. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Жарғысының 17-бабының 17.5-тармағы. Жыл ішінде қажеттілігіне қарай
19 2026-2030 жылдарға арналған Даму жоспарының жобасын және 2026 жылға арналған Бюджетті мақұлдау туралы шешім қабылдау. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Жарғысының 17-бабының 17.4-тармағының 1) тармақшасы. 2025 жылдың 2-3 тоқсаны
20 «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның «Энергосбыт» филиалының 2026-2030 жылдарға арналған Даму жоспары жобасын және бірінші күнтізбелік жылға (2026 жыл) арналған Бюджет жобасын алдын ала қарау және мақұлдау туралы шешім қабылдау. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Жарғысының 17-бабының 17.4-тармағының 17) тармақшасы. 2025 жылдың 2-3 тоқсаны
21 «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның «Энергосбыт» филиалының корпоративтік менеджмент жүйесінің ішкі нормативтік құжаттарын бекіту туралы шешім қабылдау. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Жарғысының 17-бабының 17.4-тармағының 4) тармақшасы. Жыл ішінде қажеттілігіне қарай
22 «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның «Энергосбыт» филиалы қызметкерлерінің лауазымдық айлықақы сызбаларын бекіту туралы шешім қабылдау. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Жарғысының 17-бабының 17.4-тармағының 4) тармақшасы. Жыл ішінде қажеттілігіне қарай
23 «Алатау Жарық Комапянисы» АҚ-ның, «Энергосбыт» филиалын қоспағанда (бұдан әрі – Қоғам), уақытша бос ақшалай қаражатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздарына, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының бағалы қағаздарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздарымен кері РЕПО операцияларына тұрақты негізде орналастыру туралы шешім қабылдау. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Жарғысының 17-бабының 17.4-тармағының 10) тармақшасы. 2025 жылдың 2-3 тоқсаны
24 «Самұрық-Энерго» АҚ мүдделілігі бар мәмілелерді, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобындағы төлем тәртібін бақылау шеңберінде жасасу туралы шешім қабылдау. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Жарғысының 17-бабының 17.4-тармағының 4) тармақшасы. 2025 жылдың 2-3 тоқсаны
25 «Қазақстандық салалық энергетиктер кәсіподағы» ҚБ-на ақшалай қаражат бөлу туралы шешім қабылдау. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Жарғысының 17-бабының 17.5-тармағы. 2025 жылдың 2-3 тоқсаны
26 2025 жылғы бекітілген тарифтік сметаны өзгерту туралы өтініш жобасын (бұдан әрі – Жоба), тарифті көтермей (түзету), оны әрі қарай уәкілетті орган ведомствосына ұсыну үшін мақұлдау туралы шешім қабылдау. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Жарғысының 17-бабының 17.5-тармағы. Жыл ішінде қажеттілігіне қарай
27 2026-2030 жылдарға арналған Даму жоспарының түзетулер ескерілген жобасын және 2026 жылға арналған Бюджеттің түзетулер ескерілген жобасын мақұлдау туралы шешім қабылдау. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Жарғысының 17-бабының 17.5-тармағы. Жыл ішінде қажеттілігіне қарай
28 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-мен келісім шеңберінде бланктік қарыз шарты жасасу арқылы кредиттік желі бойынша міндеттемелерді ұлғайту туралы шешім қабылдау. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Жарғысының 17-бабының 17.4-тармағының 9) тармақшасы. Жыл ішінде қажеттілігіне қарай
29 Электр энергиясына қолжетімділікті қамтамасыз ететін және жақсартатын, халықтың осал топтарына, тұтынушылар мен қоғамдастыққа бағытталған шаралардың, сондай-ақ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау желілеріне қолжетімділікті жеңілдету жөніндегі іс-шаралардың 2024-2025 жылдардағы орындалуы туралы есепті қарау жөнінде шешім қабылдау. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Жарғысының 17-бабының 17.4-тармағының 2) тармақшасы. 2025 жылдың 4 тоқсаны
30 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мемлекеттік мерекесіне орай «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметкерлерін сыйақыландыру туралы шешім қабылдау. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Жарғысының 17-бабының 17.5-тармағы. 2025 жылдың 4 тоқсаны
31 «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның «Энергосбыт» филиалының 2026-2030 жылдарға арналған Даму жоспары жобасын алдын ала қарау және мақұлдау туралы шешім қабылдау. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Жарғысының 17-бабының 17.4-тармағының 17) тармақшасы. Жыл ішінде қажеттілігіне қарай
32 «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның «Энергосбыт» филиалы Бюджетінде 2025 жылға жоспарланған шығындардың түзетуді ескере отырып ұлғаюын мақұлдау туралы шешім қабылдау. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Жарғысының 17-бабының 17.5-тармағы. Жыл ішінде қажеттілігіне қарай
33 «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және «Алатау Жарык Компаниясы» АҚ Жарғысында көзделген өзге де мәселелер. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Жарғысының 17-бабының 17.5-тармағы. 2025 жылдың 4 тоқсаны
2026 жылға арналған оқиғалар күнтізбесі әлі қосылған жоқ.

18.12.2025

Құрметті тұтынушылар!

Электр энергиясын бөлшек сауда нарығында жеткізуші мен тұтынушы арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен және электр энергетикасы саласындағы заңнамамен реттеледі. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың әрекеттері адалдық, ақылға қонымдылық және әділеттілік қағидаттарына негізделеді деп болжанады. Сонымен қатар, азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа бір тұлғаға зиян келтіруге, құқықты теріс пайдалануға бағытталған әрекеттеріне жол берілмейді. Ешкім өзіне тән адал емес мінез-құлқынан пайда табуға құқылы емес.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларының 51-тармағына сәйкес электр энергиясын беруді тоқтату негіздері көзделген, олардың ішінде электр энергиясы үшін төлемнің болмауы да бар. Аталған шаралар шарт талаптарын тиісінше орындап отырған адал тұтынушыларға ешқашан қолданылмайтынын атап өткен жөн.

Аталған Қағидалардың 62-тармағына сәйкес, егер тұтынушы электрмен жабдықтау шартының талаптарын бұзғаны үшін ажыратылған болса, онда оны қайта қосу құқық бұзушылық жойылғаннан және қосу қызметі үшін төлем жасалғаннан кейін энергия беруші ұйым арқылы жүзеге асырылады.

05.01.2026 жылдан бастап қызметтердің төмендегідей құны белгіленген:

  • жеке тұлғалар үшін есептегіш арқылы немесе тарату қалқанынан қосу —
    12 970 теңге (ҚҚС-ты қоса алғанда);

  • жеке тұлғалар үшін әуе желісінің тірегінен немесе үйдің қасбетінен қосу —
    17 743 теңге (ҚҚС-ты қоса алғанда);

  • заңды тұлғалар үшін қосу —
    22 357 теңге (ҚҚС-ты қоса алғанда).

Форма обращения (жалоба)

*для предоставления полного ответа просим Вас указывать точные данные

Please let us know your name.
Please write a subject for your message.
Please let us know your email address.
Please let us know your message.
Вы должны дать согласие на обработку персональных данных

Файлды тіркеу

Неверный ввод

1. Телефон алаяқтығы: бұл не және неге маңызды

Телефон алаяқтығы — энергетикалық компания қызметкерлері ретінде өзін таныстырып, сізден жеке деректерді, растау кодтарын және ақша талап ететін алдау түрі. Соңғы айларда мұндай жағдайлар күрт өсті, сондықтан әр тұтынушы олардың құрбаны болуы мүмкін.


2. Алаяқтардың әрекет схемасы

  1. Энергетикалық компания қызметкері ретінде таныстырады
    • Қоңырау шаламыз деп «АЖК» АҚ филиалы – «Энергосбыт», «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ немесе басқа ұйымдардың атын айтады.
  2. Негізгі мақсат — шоттарыңызға қол жеткізу
    • Банк растауынан келген SMS‑кодты айтуды сұрайды.
    • Жеке кабинет немесе мобильді қосымша үшін жаңа құпиясөзді сұрайды.
  3. Психологиялық қысым көрсетеді
    • «Бүгін» немесе «ертең» жарықты өшіреміз деп қорқытады.
    • «Сіздің кодыңызсыз жарықты қайта қоса алмаймыз» деп жасанды шұғылдық тудырады.
  4. «Қашықтан көмек» ұсынады
    • Қашықтан қол жетімділікке арналған бөгде қосымшаларды орнатуды сұрайды.
    • «Маман қосылымды тез түзетуі үшін» бағдарламаны жүктеп, орнатуды өтінеді.

3. «АЖК» АҚ филиалы – «Энергосбыт» және «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ‑ның ресми тәртіптері

Сұрақ«АЖК» АҚ филиалы – «Энергосбыт»«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ
Қоңырау тақырыбы Тек электр энергиясы бойынша қарыз Телефон арқылы қоңырау шалмайды
Оператор хабарлайтын ақпарат ТАӘ, нысан мекенжайы, қарыз сомасы, төлеу мерзімі және өшіру туралы ескерту Санауыштарды тексеру/ауыстыру туралы хабарламалар ЖАЗБАША жіберіледі
Электр санауышын тексеру/ауыстыру Жауапкершілігіне кірмейді Кесте бойынша, ресми хат немесе жеке кабинет арқылы жүргізіледі
Хабарлама формасы Қарыз туралы тек телефон қоңырауы Пошта, электрондық пошта немесе ЖК арқылы

4. Телефон арқылы айтуға қатаң тыйым салынады

  • SMS‑кодтар мен құпиясөздерді, қоңырау шалушы қалай «шұғыл» десе де, айту
  • Банк карталарының нөмірі, CVV және жарамдылық мерзімін хабарлау
  • Жеке кабинеттердің логині мен құпиясөзін айту
  • Бөгде қосымшаларды орнату және белгісіз сілтемелерге өту
  • Компьютерге немесе смартфонға қашықтан қол жетімділікті беру

5. Алаяқтықты қалай анықтауға болады

  1. Әңгіме тақырыбы қарыз туралы емес
    «АЖК» АҚ филиалы – «Энергосбыт» санауышты «шұғыл тексеру» немесе «ауыстыру» туралы телефон арқылы ешқашан хабарламайды.
  2. Ресми хат жоқ
    Санауыштарды тексеру немесе тексерістен өткізу туралы хабарламалар тек жазбаша түрде (пошта арқылы немесе жеке кабинетте) келеді.
  3. Кәдімгі емес байланыс арналары
    Мессенджердегі хабарламалар, SMS және WhatsApp арқылы қосымша орнату ұсынысы — алаяқтық белгісі.
  4. Деректер сәйкес келмейді
    Қоңырау шалушы сіздің нақты мекенжайыңызды, ТАӘ‑ңізді немесе жеке шот нөмірін атай алмайды.

6. Күдік туындаған жағдайда іс‑әрекет алгоритмі

  1. Күдікті өтініштерден кейін әңгімені бірден тоқтатыңыз.
  2. Мәліметтерді жазып алыңыз: телефон нөмірі, қоңырау уақыты, «оператордың» аты және әңгіме мазмұны.
  3. «АЖК» АҚ филиалы – «Энергосбыт» ресми нөміріне қайта қоңырау шалыңыз:
    +7 727 356 99 99 (тәулік бойы)
  4. Ақпаратты сайттағы жеке кабинетте тексеріңіз:
    https://esalmaty-cabinet.alseco.kz/auth
  5. Алаяқтық әрекеті туралы хабарлаңыз:
    • «АЖК» АҚ филиалы – «Энергосбыт» call‑орталығына
    • Сайттағы «Байланыс» бөлімінде жазбаша өтініш ретінде
    • Қажет болған жағдайда — құқық қорғау органдарына (102)

7. Қорытынды

Сіздің қырағылығыңыз — алаяқтардан ең үздік қорғаныс. Әрқашан ресми байланыс арналарына сүйеніңіз, қоңыраулардың шынайылығын тексеріңіз және құпия деректерді бермеңіз. «АЖК» АҚ филиалы – «Энергосбыт» пен «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ сіздің сеніміңізді бағалайды және барлық процестердің ашықтығына кепілдік береді.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

 

Жедел байланыс желісі

«Самұрық-Энерго» АҚ «Жедел желі» – заңды және/немесе Әдеп кодексін күдікті бұзушылықтар, алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, құпия және инсайдерлік ақпаратты рұқсатсыз жария ету жағдайлары туралы хабарлауға арналған арна екенін хабарлайды. Өнімдер мен қызметтерге қатысты сұрақтар бойынша, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының басшылығына ресми сауалдар алу үшін тұтынушыларды қолдау қызметтерін және компаниялардың корпоративтік веб-сайттарында берілген байланыс ақпаратын пайдаланыңыз. Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, конкурстық комиссияның, сараптамалық комиссияның немесе «Самұрық-Қазына» тобы компанияларының электрондық сатып алу ақпараттық жүйесінің операторының әрекеттері мен шешімдеріне шағымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес zakup.sk.kz сатып алу веб-порталы арқылы берілуі тиіс.

Байтереков Алибек Жумадилдаевич, «Комплаенс» қызметінің басшысы

Тел.: +7 (7172) 3761999; (ішк. 3999);

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Қабылдау уақыты: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 8:00-ден -17:00 дейін.

Туған күні: 16.02.1968 ж.

Білімі:

1991-1997 жж. Е.А.Букетов ат. ҚарМУ, мамандығы: заңгер 

Еңбек қызметі:

1994-2004 жж. Жамбыл облысы, Мойынқұм аудандық прокуратурасы, аудан прокурорының көмекшісі 

2004-2014 жж. Жамбыл облысы, Мойынқұм аудандық Әділет басқармасы, Әділет басқармасының бастығы.

2014-2020 жж. Жамбыл облысы, Қордай аудандық соты, судья

2020 ж. Алматы қаласындағы жеке тәжірибеден өтуші заң кеңесшілерінің орталығы» заң кеңесшілері палатасы, Азаматтық, әкімшілік істер жөніндегі өкіл 

2022 ж. «CURATOR ASTANA» заң кеңесшілері палатасы, Азаматтық, әкімшілік істер жөніндегі өкіл

2022 ж. «Алатау Жарық компаниясы» АҚ Құқықтық сүйемелдеу басқармасының бас маманы 

2023 ж. «Алатау Жарық компаниясы» АҚ Комплаенс-офицері

Комплаенс

Табысты және орнықты компания сенімге негізделеді. Акционерлер, инвесторлар мен серіктестер үшін компанияның адал, ашық және жауапты бизнес жүргізуі маңызды. Осыған байланысты «Самұрық-Энерго» АҚ өз қызметін халықаралық үздік комплаенс-тәжірибелерге сәйкес жүзеге асырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға және адал іскерлік қағидаттарды сақтауға ерекше мән береді.

«Самұрық-Энерго» АҚ «Комплаенс» қызметі тәуелсіз құрылымдық бөлімше болып табылады және ұйымдық тұрғыда Директорлар кеңесіне бағынады әрі функционалдық есептілік жүргізеді. Қызметтің негізгі мақсаты – Комплаенс бағдарламасын енгізу және іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты әзірлеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған іс-шаралардың орындалуына бақылау жүргізу.

Қызметтің міндеттеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау және мониторингтеу, оларды азайту бойынша ұсынымдар әзірлеу, іскерлік әдеп қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ мен оның еншілес және тәуелді ұйымдары қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру кіреді.

«Самұрық-Энерго» АҚ «Комплаенс» қызметі
Компанияның ішкі рәсімдерінің халықаралық стандарттарға және ұлттық реттеуші талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етеді. Негізгі назар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, комплаенс саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерді енгізуге және адал әрі жауапты бизнес жүргізу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.