"Үздік қызметкер" конкурсы
Абишева Айнакуль Кенехановна – 5-ЭТА қабылдап-табыстаушысы.
Білімі-жоғары. 1993 жылы 13 сәуірде Мәскеу мемлекеттік Еңбек Қызыл Ту орденді баспа академиясын Полиграфиялық өндіріс технологиясы мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылы 4 наурызда "АЖК" АҚ 5-ЭТА қабылдау-табыстаушысы болып жұмысқа қабылданды. Қазіргі уақытқа дейін осы лауазымда жұмыс істейді.
Өзінің лауазымы бойынша үлкен жұмыс тәжірибесі мен жан-жақты білімі бар, құнды кеңес бере алады.
Жұмыста ерекше бастамашылдық, орындаушылық және ұқыптылық танытады. Ол өзінің жұмыс күнін ұтымды пайдаланады, тапсырылған жұмысты орындауға уақыт пен күшті дұрыс бөле алады. Әкімшілік тарапынан да, ұжым тарапынан да құрметке ие. Моральдық тұрғыдан байсалды адам, ұқыпты және мейірімді.
Ведяшев Алексей Викторович – 2-ЭТА бөлу құрылғылары жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі.
Өзінің еңбек жолын 1998 жылы "АЖК" АҚ 2-ЭТА-да электр слесарь лауазымынан бастады және бүгінгі күнге дейін осы жұмысын жалғастыруда. 2-ЭТА-да жұмыс істеген уақытында өзін техникалық сауатты, кәсіби маман ретінде көрсетті, жауапты, күрделі тапсырмаларды орындау кезінде шешім қабылдай алады және түпкілікті нәтижеге жауап бере алады.
Негізгі қызметі мыналар болып табылады:
- кернеуі 10/6/0,4 кВ-тық электр жабдықтарына профилактикалық жұмыстар жүргізу, тексеру, жөндеу, монтаждау және бөлшектеу, реттеу және баптау жөніндегі жұмыстарды орындау;
- 0,38-10 кВ кернеулі бекітілген жабдықтарға уақтылы және сапалы техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді қамтамасыз ету;
- өндірістік қызмет мәселелері бойынша өндірістік учаске шеберінің нұсқауларын орындау; аварияға қарсы іс-шараларды, сондай-ақ аварияға қарсы, пайдалану циркулярлары мен басқа да директивалық материалдармен көзделген іс-шараларды орындау;
- қызмет көрсетілетін жабдықтың жарамды жай-күйін қадағалау;
- жүйелі айналып өту арқылы ақауларды анықтау.
Ведяшев Алексей Викторович қала орталығын электрмен жабдықтаудың сенімді схемасын қалпына келтіруге үлкен үлес қосып келеді, қиын жағдайларда, түнгі уақытта және демалыс күндері жұмыс істейді. Шағымдар мен тәртіптік жазалар алған жоқ. Ұжымда лайықты беделге және құрметке ие.
Жагыпаров Болатбек Ибираевич – Райымбек ЭТА жедел аттану бригадасының электр монтері.
Өзінің энергетикадағы еңбек жолын 05.10.1996 жылы Нарынқол ЭТА жедел аттану бригадасының электр монтері болып бастады, 1998 жылдың наурыз айынан бастап 35 кВ және одан жоғары ӘЖ электр монтері болып ауыстырылды, 2001 жылдың 02 сәуірінен бастап Райымбек ЭТА жедел аттану бригадасының электр монтері болып ауыстырылды. Жұмыс барысында ол өзін кәсіби маман, керемет орындаушы ретінде көрсетті. Қиын жағдайлардан шығудың жолын таба біледі. Еңбек қызметі процесінде өзінің кәсіби білімін арттырумен үнемі айналысады. Өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен және адал ниетпен қарайды. ЭТА қызметкерлері арасында беделді және құрметке ие.
Кокиев Тлеугазы Медеугазынович – Күрделі құрылыс басқармасының құрылысқа техникалық бақылау жасау бөлімінің бас маманы.
Өзінің еңбек жолын Тлеугазы Медеугазынович 1987 жылы Алматы энергетика институтында (1982-1987ж.ж.) оқуды аяқтағаннан кейін, Есік электр желілері кәсіпорнында (ИПЭС) қосалқы станция жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі лауазымынан бастады. Өзінің еңбексүйгіштігі мен жұмысына адалдығының арқасында өндірістің барлық кезеңдерінен өтіп, Алматы өңірлік энергетикалық компаниясының (АРЭК) ЖДҚ диспетчері лауазымына тағайындалды.
Айта кету керек, Тлеугазы Медеугазынович АПК АҚ өндірісін дамыту және жаңғырту қызметінің бастығы болып жұмыс істеді.
Бұдан басқа, ұзақ уақыт бойы "АЖК" АҚ Күрделі құрылыс басқармасының техникалық дайындау бөлімін басқарды, оның тікелей қатысуымен Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушыларын энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыруға бағытталған ауқымды іс-шаралар кешені іске асырылды.
Күрделі құрылыс басқармасының техникалық бақылау бөлімінің бас маманы лауазымында Тлеугазы Медеугазынович №58И "Талғар" 110/35/10кВ-ҚС-ны қайта жаңартуға, жүктемелердің бір бөлігін №37А "Поршень" ҚС-дан №151А "Райымбек" ҚС-ға көшіруге, жүктемелердің бір бөлігін қолданыстағы №5А ҚС және №17А ҚС-дан жаңадан салынған "Отырар" ҚС-ға көшіру үшін жартылай өтпелі канал салуға, "АЖК" АҚ 3-ЭТА өндірістік базасы мен әкімшілік ғимаратын салуға және т. б. жетекшілік етті.
Қазіргі уақытта оның белсенді қатысуымен №102А, 105А, 109А, 120АИ 110кВ-ӘЖ-ні композиттік сымға ауыстырумен және №120АИ 110кВ-ӘЖ-нің "Бесағаш" 220кВ-ҚС-ға кіру-шығуымен қайта жаңарту жобасы іске асырылуда.
Сонымен қатар, ол мол білімін және жылдар бойы жинақтаған тәжірибесін жас мамандармен бөлісіп отырады. Өзінің адами қасиеттері мен кәсіби еңбегі арқасында әріптестер арасында зор құрметке ие. Белсенді өмірлік ұстанымға ие, компания өткізетін іс-шараларға белсенді қатысады. Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Кокиев Тлеугазы Медеугазынович кандидатурасын "Үздік қызметкер" атағына енгізу туралы өтініш білдіреміз.
Мухатаева Гульвира Сейталиевна - Қауіпсіздік басқармасының экономикалық қауіпсіздік бөлімінің бас маманы.
Г.С.Мухатаеваның жоғары білімі бар, 2008 жылы Алматы Энергетика институтын "Жарық техникасы және жарық көздері" мамандығы бойынша бітірген.
"АЖК" АҚ-да 2009 жылдан бастап, Қауіпсіздік басқармасында 2017 жылдан бастап жұмыс істейді. Жұмыс барысында өзін адал және атқарушы қызметкер ретінде жақсы қырынан ғана көрсетті.
Г.С.Мухатаева мынадай жұмыстарды жүргізді:
- 2020 жылғы 12 қарашада "Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма Төрағасының қатысуымен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңалықтар және парасаттылық идеологиясын қалыптастыру туралы" тақырыбында компания басшыларына арналған онлайн конференцияны ұйымдастыру кезінде тікелей жауапты болды.
Оқу ұйымдарымен өзара іс - қимылды жүзеге асырды және жауапты болды, атап айтқанда:
- 2020 жылғы 14, 15, 16 қазанда компанияның персоналдарымен "Терроризмге қарсы дайындық, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар" курсы бойынша 103 қызметкерге сабақ өткізді, оның нәтижелері бойынша Компанияға сертификат берілді.
- 2020 жылғы 14 тамызда "Алматы адалдық алаңы" сыбайлас жемқорлыққа қарсы Жобалық кеңсесінің басшысы "АЖК" АҚ басшыларына арналған "Сыбайлас жемқорлық: жемқорлықты азайту мен жоюдың заманауи тетіктері" тақырыбында онлайн-дәріс өткізді.
"АЖК" АҚ Директорлар кеңесі мен Басқармасының қарауына келесі құжаттарды дайындау бойынша жұмыстарды тікелей жүргізді:
- "АЖК" АҚ инсайдерлік ақпаратқа иелік ету және пайдалануды ішкі бақылау қағидалары (№05/19 хаттамамен бекітілген);
- "АЖК" АҚ-да алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты (№07/19 хаттама);
- «АЖК» АҚ ғимараттары және аумақтары бойынша бақылау-өткізу нұсқаулығы және ішкі объектілік режимі (01.06.2020 ж. №090Ө бұйрығы);
- "АЖК" АҚ жұмыскерлерінің Компанияның ғимараттарында, аумақтарында және объектілерінде террористік актілер қаупі төнген немесе жасалған кездегі іс-қимылдары жөніндегі Нұсқаулық (01.06.2020ж. №089Ө бұйрығы).
- "АЖК" АҚ-ның барлық персоналын жоғарыда көрсетілген нұсқаулықтармен және саясатпен таныстыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу бойынша жауапты болып табылады.
- 2021-2025 жылдарға арналған "Ведомстводан тыс және өрт күзеті қызметтері" шығыстар бабы бойынша тарифтік сметаны;
2021-2025 жылдарға арналған "Ведомстводан тыс және өрт күзеті қызметтері" шығыстар бабы бойынша Даму жоспарын қалыптастыруға тікелей жауапты болып табылады.
Тұрақты түрде орындайтын жұмыс көлемі:
- «АЖК» АҚ мен «Самұрық- Энерго» АҚ басшылығының қарауына Қауіпсіздік басқармасының апта сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық жинақталған ақпараттық-жедел анықтамасын жасайды;
- Қауіпсіздік басқармасы жетекшілік ететін мәселелер шеңбері бойынша "АЖК" АҚ бюджеттік комитеттерінде қарау үшін құжаттарды дайындайды.
- "ведомстводан тыс және өрт күзеті қызметтері" бабы бойынша ай сайынғы қаржылық есептерді және ағымдағы жылғы тарифтік сметаны орындау бойынша есептерді қалыптастырады;
- "ведомстводан тыс және өрт күзеті" қызметтері бойынша жеткізушілердің шарттық міндеттемелерінің орындалуын бақылайды;
- МБЖ бойынша құжаттаманы басқаруды жүзеге асырады (тәуекелдер бойынша тоқсан сайынғы есептер, МБЖ өзін-өзі бағалау хаттамасы, тәуекелге әсер ету тиімділігі);
- 1С "Кәсіпорын" бағдарламасында жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізеді және қалыптастырады, Қауіпсіздік басқармасы персоналының кезекшілік кестесін жасайды;
- кіріс, шығыс хат-хабарлары мен ішкі хат-хабарлардың, сондай-ақ ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттардың есебін жүргізеді. Басқарманың істер номенклатурасын қалыптастырады және оларды мұрағатқа тапсырумен айналысады;
- "АЖК" АҚ мүдделеріне сыртқы және ішкі қауіп-қатерлердің пайда болуына ықпал еткен себептер мен жағдайларға талдау жүргізеді;
- кадр резерві бойынша құжаттарды дайындауды жүзеге асырады;
- ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша "АЖК" АҚ және "Самұрық-Энерго" АҚ бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды;
- тұтынушылардың компания жұмыскерлеріне қарсы шағымдары мен өтініштері бойынша қызметтік және комиссиялық тексерулерге қатысады.
Сонымен қатар, Г.С.Мухатаева ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысады, ҰОС ардагерлерімен және оларға теңестірілген тұлғалармен байланыс бойынша жауапты болып табылады. Сондай-ақ "Жақсылық жаса" клубының қатысушысы, қайырымдылықпен айналысады.
Қорытынды: "Үздік қызметкер" номинациясына лайық.
Тулегенов Умирзак Усембаевич – Іле ЭТА ҚС тобының БҚ жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі.
Энергетикадағы кәсіби өтілі - 32 жыл. Компанияда осы лауазымда 2015 жылдан бастап жұмыс істейді. Компанияда жұмыс істеген 5 жыл ішінде У.У.Тулегенов өзін сауатты, жауапты қызметкер ретінде көрсете білді, жабдықты жөндеу бойынша барлық жұмыстар мен тапсырмаларды кәсіби шеберлікпен орындайды, әрқашан бастама көтереді, ол үшін мүмкін емес жұмыстар жоқ, жаңа жұмыскерлер үшін тамаша тәлімгер, әрқашан үйретеді, айтады. Оның "Қолдары алтын", басқа мамандықтар бойынша да үлкен білім мен әлеуетке ие, ол - кәсіби дәнекерлеуші, ағаш ұстасы, токарь, бұрғылау және тегістеуіш механизмдермен жақсы жұмыс істейді, кәсіпорындағы барлық жұмыстарды педантикалық түрде орындайды. Жөндеу науқаны барысында белсенді позицияда жүреді, вакуумды, элегазды ажыратқыштарды жөндеу және ауыстыру бойынша слесарлық жұмыстарды сауатты орындайды, дәнекерлеу жұмыстарын жүргізеді. Ол еңбекқорлығымен, адалдығымен, әдептілігімен ерекшеленеді. Әріптестерінің арасында беделі зор. Қоғам өміріне белсене қатысады, Іле ЭТА аумағын көркейту үшін жаңа орындықтар дайындады.


