"Үздік қызметкер" конкурсы
Еркин Жанеля Еркинқызы электр энергетикалық салада 2004ж. бері жұмыс істеп келеді. Еңбек жолын «АПК» АҚ-ның бюджет және тарифтер басқармасының экономисі болып бастады, электр энергетикасы саласын қайта құру кезінде "ЖЭО-2" «АПК» АҚ өндірістік департаментіне экономист болып ауыстырылды. «АПК» АҚ-ны қайта құрылымдау кезінде "АПК" АҚ-ның бас кеңсесіне ауысты.
Еркин Жанеля ААЭК, ҚЭБТ департаменттерінің, бас кеңсенің бірігуіне, ұйымдық құрылымды, штаттық орналастыруды әзірлеуге қатысты, сондай-ақ 1С "8.2" Кадрлық есепті енгізуге қатысты. Бюджетті қалыптастыруға, компанияның тарифін қорғауға белсенді араласты, компанияны қайта құру бойынша жұмыс топтарының жұмысына қатысты. Ол компанияның әртүрлі ішкі нормативтік құжаттарында көрініс тапқан, кәсіпорындардың қызметін жақсартуға бағытталған көптеген ұсыныстарды енгізді.
Еркин Ж. Еңбек және еңбекақы бөлімінің бас маманы, Еңбек және еңбекақы бөлімінің бастығы лауазымдарында жұмыс істеп, 2016 жылы Персоналмен жұмыс бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды. Қазақстан Республикасының заңнамаларындағы өзгерістерді ескере отырып, ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысады. Ол жоғары жұмыс қабілеттілігімен, белсенді іскерлік қарым-қатынас қабілетімен, адамдармен жұмыс жасауда принципшілдікпен және ізгі ниеттілігімен сипатталады, жұмыста ең озық әдістерді қолдана алады.
Адам ресурстарын басқару саласында бірыңғай қағидаттық саясатты жүргізуді шебер ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Ол жоғары білікті маманның, білікті басшының, шебер ұйымдастырушының үлгісі болып табылады, барынша еңбекке қабілеттілігімен және шығармашылық бастамасымен ерекшеленеді. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның Құрмет Грамотасымен марапатталған.
Землянский Сергей Георгиевич "АЖК" АҚ жедел - диспетчерлік басқармасының орталық диспетчерлік қызметінің бастығы лауазымында 2014 жылғы наурыздан бастап жұмыс істейді.
1994 жылдан бастап Алматы энергожүйесіндегі жұмыс тәжірибесі: АПЭС ЖДҚ ЖАБ кезекші электр монтері, АРЭК ЖДҚ диспетчері, АРЭК ЖДҚ бастығының орынбасары, АПК ЖДҚ диспетчері, "АЖК" АҚ ОДҚ аға диспетчері.
Жұмыс барысында өзін жоғары білікті, талапшыл, жауапты маман және басшы ретінде көрсетті. Бірнеше рет бастама мен ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсете отырып, электр желісіндегі технологиялық бұзушылықтарды жоюды дербес және сәтті басқарды.
Апатқа қарсы жаттығуларды ұйымдастыруға және оныөткізуге, техникалық оқуға, ТПЕ, ӨҚБ, ТҚЕ бойынша емтихандарды қабылдауға қатыса отырып, өзінің білімі мен тәжірибесін диспетчерлер мен электр монтерлердің жас буынына үйретіп келеді.
С.Г.Землянскийдің айрықша ерекшелігі - өзінің лауазымдық міндеттерін орындауға аса жауапты қарауы, ұқыптылығы және тәртіпті қатаң сақтауы. Оның жедел – диспетчерлік басқару мәселелеріндегі білімі мен практикалық тәжірибесі кәсіби шеберлігін, сондай-ақ ұжымдағы беделін арттыруға деген ұмтылысымен ұштасып, оның одан әрі кәсіби өсуі бойынша перспективаларды жүктеуге мүмкіндік береді.
С.Г.Землянский - компанияның ең сауатты және білімді инженерлерінің бірі. Оның бастамасының арқасында "АЖК" АҚ – да жедел-диспетчерлік басқару мәселелері бойынша көптеген инновациялық әдістер енгізілді.
Алматы энергия жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі, жоғары өндірістік жетістіктері, көп жылғы, адал және жемісті еңбегі үшін бірнеше рет Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталған.
Землянский Сергей Георгиевичке ҚЭҚ Еңбек сіңірген энергетигі атағы берілді.
Ұжымда лайықты бедел мен құрметке ие.
Кредин Андрей Борисович – Қалалық бөлу тораптары басқармасының 1-ЭТА бөлу тораптарын пайдалану жөніндегі электр монтері.
Компанияда еңбек еткен барлық уақытында өзін жауапты жұмыскер ретінде көрсетті және бөлу тораптары саласында, атап айтқанда бөлу тораптары пайдалануда (қызмет көрсету және жөндеу) лайықты кәсіби маман болып табылады. Рұқсат берушінің міндеттерін қосалқы атқарады. Өз мамандығы бойынша кең және терең білімі бар, қызметтік мәселелерде кең ортақ эрудициясы бар. Өз міндеттерін орындауға жауапкершілікпен қарайды.
Әріптестермен де, жұмыс барысында да тәртіпті қатаң сақтайды және ізетті. Өзінің лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жаза мен сөгіс алған жоқ. Жас электромонтерлар арасында тәрбие жұмысын жүргізеді және кәсіби тәжірибесімен бөліседі. Жаман әдеттері жоқ. Өмірдің дұрыс басымдықтары мен бағдарлары бар. Ұжымның қоғамдық өміріне қуана қатысады.
Мырзагалиев Айтмуханбет Нурахметович
Шебер, Іле ЭТА
Компанияда 1992 жылдан бастап, аталған лауазымда 21.01.2019 жылдан бастап жұмыс істейді. Компанияда 27 жыл жұмыс жасаған кезде Мырзағалиев А.Н. өзін тамаша нәтижелерге жетуге мақсаты бар, тез шешім қабылдауға дайын және оларды қабылдауға жауапкершілікпен қарайтын, өзіне де, қол астындағыларына да талапшыл жауапты қызметкер ретінде көрсетті. Оның осы лауазымындағы жұмысы кезінде трансформаторлық пугкттеріне қайта құру жүргізілді. Қапшағай қ. Қарлығаш ы/а, Гидроқұрылысшылар пос. шаруашылық әдіспен электрмен жабдықтау жақсартылды, тіректер орнатылды, сымдарды ауыстырылды. Кез-келген жағдайда жұмыс істеуге дайын. Ұқыптылығымен, бағыныштылармен және әріптестермен қарым-қатынаста әдептілігімен ерекшеленеді, сол үшін де ұжымда лайықты құрметке ие болған.
Нургожаев Хасен Бакытжанович
Электромонтер по эксплуатации распределительных сетей, Шелекский РЭС 1986 жылдан бастап ҚарСУ БТ-да электр монтер болып жұмыс істейді. «АЖК» АҚ-да жұмыс істеу барысында, ол өзін тек жағымды жағынан ғана көрсетті, техникалық жағынан білікті, өндірістік мәселелерді тез шешеді және өз лауазымдық міндеттерін адал атқарады. Оның жұмыс тәжірибесі мол, өз бригадасындағы көптеген жас мамандарды үйретіп келеді. Техникалық қызмет көрсетуді және жөндеу жұмыстарын уақтылы орындайды. Алға қойылған міндеттерді сапалы орындаумен қатар, көп уақытты практика тұрғысынан да, теория тұрғысынан да өзін-өзі оқытуға жұмсайды. Әріптестер арасында үлкен құрмет пен беделге ие. Қоғамның спорттық және қоғамдық өміріне белсенді қатысады.
Умирзаков Жанат Амангалиевич, 35 кВ және одан жоғары ЭЖЖ басқармасының 35 кВ және одан жоғары ӘЖ-ні жөндеу жөніндегі электр монтері лауазымын атқарады.
Ж.А.Умирзаков еңбек жолында өзін өз ісінің нағыз маманы ретінде қалыптастырды. Қойылған міндеттерді уақтылы және сапалы орындайды, жауапты, еңбекқор, адал қызметкер. Әріптестер арасында жоғары беделге ие.
Ж.А.Умирзаков өзін тек жағымды жағынан көрсете білді, пайдалану және жөндеуге қатысты өз жұмысын жетік меңгерген.
Ж.А.Умирзаков өзінің білімі мен дағдыларын жетілдіруді жалғастыруда, өз жұмысына құштар, өзінің лауазымдық міндеттеріне жауапкершілікпен және бар ынтасымен қарайды.
№116А 110кВ-ӘЖ/КЖ-де қолданыстағы АС-185 сымын Linnet -431 маркалы композитті инновациялық сымға ауыстырып, әуелік электр жеткізу желілерін қайта жаңартуға қатысып, өзін жақсы жағынан ғана көрсетті, ұжымда жұмыс істей алады, жоғары өрлеу жұмыстарын жақсы атқарады. №37А 35кВ-ӘЖ/КЖ-де сымдарды барынша күшейтілген сымға ауыстырып, апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.


