"Үздік қызметкер" конкурсы
Байбекова Назым Койшибаевна - «АЖК» АҚ Қалалық бөлу тораптары басқармасының пайдалану қызметінің 10-6-0,4кВ БТ жабдықтарын мониторингтеу секторының бас маманы.
Байбекова Н.К. Еуразия технологиялық университетін "Электр энергетикасы" мамандығы бойынша бітірген.
"АЖК" АҚ-да 12.02.2008 ж. бастап 12 жыл жұмыс істейді. 2015 жылы "АЖК "АҚ Құрмет грамотасымен" марапатталған.
Еңбек қызметі кезеңінде өзін жағымды жағынан көрсетті. Өзін дербес, тәртіпті коммуникабельді және атқарушы қызметкер ретінде көрсете білді; өз құзыретіндегі күрделі мәселелерді шешуде өзіне жауапкершілік ала алды.
Өзінің білімін күнделікті жұмыста шебер қолданады, функционалдық міндеттерін сапалы орындайды, олар: ақпарат жинау, Алматы қаласы әкімдігінің, абоненттің теңгеріміндегі электр тораптарын және иесі жоқ тораптарды түзету және шоғырландыру; пайдалану нәтижелері бойынша деректерді талдау және техникалық есептерді ұсыну; басшылықтың тапсырмасы бойынша "АЖК" АҚ-ның құрылымдық бөлімшелерімен қызметтік хат алмасуды дайындау; ҚБТБ және қалалық БТ-ны пайдалану қызметінің мәселелері бойынша қалалық БТ тұтынушыларының шағымдарын қарау және жауап дайындау. Коммуналдық және иесіз электр тораптарын бақылау, түзету және шоғырландыру бойынша Алматы қаласы әкімдігімен жұмыс жүргізеді..
Өзіне жүктелген міндеттерге өте жауапкершілікпен қарайды, әрдайым мерзімінде орындайды. Жұмыс барысында өзін сауатты, атқарушы, жауапты маман ретінде көрсетті. Еңбек тәртібін бұзбайды.
Баймухаметова Адия Букенбаевна, 27.11.1962 жылы туған, білімі жоғары, 1986 жылы Алматы Энергетика институтын бітірген.
Атқаратын лауазымы: орталық релелік қорғау және автоматика қызметінің есептеу бөлімінің инженері.
Энергетика саласында 2004 жылдан бері жұмыс істейді, қазіргі лауазымын 2007 жылдан бері атқарып келе жатыр.
Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес ҚТЕ, ТПЕ, ӨҚЕ бойынша нұсқаулықтар жүргізу, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар жоспарын жасау және іс-шараларды орындау бойынша жұмыстарды жүргізеді. "АЖК" АҚ құрылымдық бөлімшелерімен, әртүрлі ұйымдармен РҚА бөлігінде хат алмасулар ісін жүргізеді, БМЖ процестерінің жұмысқа қабілетті күйде болуын қадағалайды, сондай-ақ РҚАБ-тың жұмыс уақытын есепке алу табелін жасайды.
Жұмыс барысында өзін адал, жауапты, атқарушы, оқып-үйренуге қабілетті белсенді қызметкер ретінде көрсетті. Техникалық құжаттаманы зерделеу және жасау кезінде мұқият, техникалық құжаттаманың жай-күйін тиісті деңгейде бақылайды және қолдайды. Өндірістік тапсырмаларды адал және жауапкершілікпен орындайды, көпшіл, әрқашан әріптестерімен практикалық тәжірибесімен бөліседі.
Ұжымда құрметке ие.
Ералиев Азат Умеркановичтің білімі орта-арнайы: Алматы Мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжінің "Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары (түрлері бойынша)» факультетін бітірген.
Еңбек жолын Жамбыл телімінің БТ электр монтері болып бастаған, 17 жылдық жұмыс өтілі бар. Жұмыс барысында өзін жақсы жағынан көрсетті . Өндірістік мәселелерді шешуде үнемі жеке бастама көтеріп, кәсіби дағдыларды жетілдіруге тырысады. Жұмыста ол жауапты, алдына мақсат қойған адам ретінде сипатталады, басталған жұмысты соңына дейін жеткізеді, ұқыпты, адал, еңбекқор және атқарушы. Жақсы отбасылық адам, 4 баланың әкесі. Өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін үнемі арттырып отырады, ұжымда жұмыс істей алады, 10-0,4 кВ тарату желілерін пайдалану және жөндеу бойынша жөндеу персоналының кәсіби шеберлігі жөніндегі облыстық жарыстарға, сондай-ақ Жамбыл ЭТА-ның, ауданның қоғамдық өміріне белсене қатысып келеді, футбол жарысына қатысады, "Нұр Отан" партиясының мүшесі болып табылады. Желтоқсан айында Жамбыл ауданы бойынша апатты жұмыстарды жоюға, сондай-ақ Жамбыл ЭТА-ның, ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысты (Конституция күніне арналған іс-шараларды өткізу және ұйымдастыру кезінде). Еңбек тәртібі мен қауіпсіздік техникасын бұзып көрген жоқ. "АЖК" АҚ Жамбыл ЭТА-да өткізілген семинар, тренингтерге қатысып келеді, ТжКБ республикалық ғылыми-әдістемелік дамыту орталығынан техник-электрик сертификатын алған және біліктілігі бар.
Калдыбаева Алия Баянбаевна - Метрология басқармасының инженер-метрологы, өзінің еңбек жолын 2000 жылы инженер-талдаушы қызметінен бастады.
Оның зейінділігі, мұқияттылығы, ақпарат көздерімен жұмыс істей білуі "АЖК" АҚ өлшеу құралдары бойынша деректер базасын құру және өзекті күйінде ұстау бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, Метрология басқармасының өндірістік қызметіне қатысты түрлі есептіліктерді қалыптастыру бойынша маман болып табылады.
Метрология басқармасы бойынша ОПФ журналын жүргізеді.
Әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайы, әдепті, ұстамды. Жас ұрпақпен өз тәжірибесімен және білімімен бөліседі, әрдайым қолдау мен көмек көрсетуге дайын, ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысады және зор құрметке ие.
Мамедов Мугдадтың «АЖК» АҚ-дағы өндірістік қызметі 1992ж. 7-ЭТА-да басталып, бүгінгі күнге дейін осы 7-ЭТА-да еңбек етуде. Біліктілігі–10/0,4кВ-тық әуе желілерін жөндеу және монтаждау жөніндегі электр монтері. Электр қауіпсіздік тобы – IV. 10/0,4 кВ кернеулі әуелік электр жеткіз желілерінің (ӘЭЖЖ) желілік арматурасымен жұмыс жасайтын "АЖК" АҚ-дағы тәжірибелі мамандарының бірі болып табылады. Ағымдағы жылы әр түрлі сипаттағы зақымданулардан SIMENS 3AD8 «Fusesaver» 10кВ ӘЭЖЖ инновациялық қорғау құрылғыларын енгізуге белсенді қатысты. Өзінің мол тәжірибесіне сүйене отырып, "Fusesaver" қондырғысына мұқтаж 10 кВ ӘЖ-дегі осал болып табылатын учаскелерді көрсетті. Орнату кезінде "Fusesaver" 10 кВ ӘЖ-де орнату схемасын ұсынды, бұл одан әрі пайдалануды жеңілдетеді. Өндірістік жұмыста жауапты, тәртіпті, атқарушы, бастамашыл. Іскерлік қасиеттерге ие, жұмысқа адал көзқараспен қарайды, кәсіби өсуге ұмтылады, талдап ойлау қабілетіне ие. Жұмысты ұйымдастыра алады. Ұжымда беделді және құрметке ие. Жас мамандарға тәлімгер болып табылады.
Тушканова Татьяна Львовна ЖҚҚ-ны есептеу бойынша келістіру комиссиясының жұмысын ұйымдастырумен, электр энергиясын тұтынуды есептеу бойынша бағдарламалық кешенді пайдалануды қамтамасыз етумен, электр энергиясын тұтынушыларды ажырату және қайта қосу бойынша шарттық міндеттемелерді сүйемелдеумен, электр энергиясын тұтынуды есепке алу бойынша бағдарламалық кешенді жетілдіру және толықтыру бойынша техникалық тапсырмаларды дайындаумен және олардың орындалуын бақылаумен, электр энергиясын тұтынуды есепке алу және талдау бойынша бағдарламалық құралдарды пайдалану бойынша "АЖК" АҚ құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестірумен, сұрау салу бойынша Заң басқармасына соттың талап-арыздары негізінде техникалық құжаттаманы дайындаумен айналысады және сот отырыстарына қатысады.
Короновирустық инфекция пандемиясына байланысты қатаң карантин кезеңінде ЭТА персоналының шектеулі жұмыс істеуі кезінде жұмыс орнында кеңседе жұмыс істеді, 6-10 кВ тораптардағы электр энергиясының ысыраптарын бақылау және талдау үшін тұтынушыларға пайдалы босатылымды есептеуді бақылаумен айналысты. 2020 жылғы қыркүйекте "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС-ның тұтынушыға ЖҚҚ үшін берешек сомасын өндіріп алу туралы талабы бойынша сот онлайн-отырысына қатысты.
Қазіргі уақытта ҚС және БП көрсеткіштерін алу процесін автоматтандыру және теңгерімді есептеу жөніндегі бағдарламаны енгізу жөніндегі жұмыс тобының қатысушысы болып табылады.


