Спортшыларға құрмет

«Самрұқ Энерджи» компаниялар арасында өткен Спартакиада ойындарында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ атынан қатысып, жеңіске жеткен спортшыларды Басқарма Төрағасы Асылов Абай Ноғайұлы құттықтап, сый-сыйапатын табыс етті.
«Жарыс болғандықтан жеңіліс те қатар жүретіні белгілі. Бұл жарыста әр спортшы өзіне үлкен тәжірибе жинады, өзінің осал жерін байқады. Енді сол кемшіліктің орнын толтырып, белсенді түрде жаттығуларыңыз қажет. Ал жеңіс тұғырына шыққан спортшыларымызға алғысымызды айтамыз. Сіздер, кәсибі спортшы болмасаңыздар да, олардан кем өнер көрсетпедіңіздер. Бұл ұжымдағы және жеке өмірлеріңіздегі ең соңғы жеңіс болмасын. Сіздер енді «Самрұқ Қазына» АҚ компаниялары арасында өтетін Спартакиадада «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның туын дәл осылай желбіретіп, жеңіс тұғырына шығады деген үміттеміз», - деп Басқарма Төрағасы жылы лебізін білдірді.