«Самрұқ Энерджи» компаниялар арасында өткен Спартакиада

«Самрұқ Энерджи» компаниялар арасында 10 спорт түрінен Спартакиада болып өтті. Бағы мен бабы келіскен спортшылар үздік шықты. Дүбірлі додада 7 команда бақ сынап, тек мықтылары жеңіс тұғырына шықты. Солардың қатарына «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ командалар арасынан 2 орынға ие болғаны барлық ұжым үшін үлкен мақтаныш. Жарыста оза шауып жеңіс тұғырына шыққан жеңімпаздарымыз «Самрұқ Қазына» АҚ командалары арасында болатын Спартакиадаға жолдама алды. Барлық жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз. Атап айтар болсақ:

1 орын иегерлері:
Қол күрес – Байжанова Индира
Воллейболдан ерлер командасы - Газиев Арманжан, Тохтахунов Алишер, Мухтаров Трудикожа, Кудабек Серик, Кошкарбаев Талгат, Алдибай Олжас, Орынбай Алишер, Куаныш Ерлан, Жылкайдар Саят, Оспанкулов Нурлан.
Арқан тарту - Куйшиманов Алмаз, Сейлбеков Мухамет, Бидайбек Канат, Сейлхан Жандос, Мырзагали Айбек, Омеков Данияр, Амирешев Жанат, Алигулов Даулет

2 орын иегерлері:
Стол теннисі - Попова Любовь
Қол күрес - Жылкайдар Саят, Нодаров Ильяр
Асық ату командасы- Жуматаев Думан, Исаев Ерлан, Бакытбек Асель.
Баскетбол командасы - Раимбеков Данияр, Окашев Асан, Рахимов Мади, Куралбай Берик, Ерболатулы Абай, Сетиев Нуридин, Кенесхан Аслан, Калиев Ердос, Абдыгазимов Алмат, Дарибаев Нургалым.

3 орын иегерлері:
Шахмат – Қожасов Ерлан
Тоғызқұмалақ - Токатаева Анар
Футбол командасы - Мусаев Нуржан, Кушкенов Ануар, Калиев Нарын, Серікбаев Айдар, Капжапаров Диас, Оралбаев Асхат, Абдрахманов Нурым, Кушмагамбетов Максат, Туратай Бексултан, Солтанов Рахат.

Энергетик мамандығымен қатар спортта жеңіс тұғырына шығу үлкен құрметке ие. Бүгінгі жеңіске жеткен спортшылар бойдағы рухтың арқасында жеңіс тұғырынан көрінді. Осы қалыптарыңыздан таймай, «Самрұқ Қазына» спартакиадасында жүлделі орындарды ала беріңіздер деп тілейміз.