«Top Brain» интеллектуалды ойыны өтті
«Alatay Jastary» жастар ұйымының ұйымдастыруымен және жергілікті «Серіктес» кәсіподағының қолдауымен «Top Brain» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды.
Ойынға 5 адамнан құралған 6 топ қатысып, логикалық, танымдық және жалпы мәдени сұрақтарға жауап берді.
Жарыс қызықты әрі тартысты өтті. Қатысушылар өз білімдерін, жылдамдығын және командалық бірлігін көрсетті. Нәтижесінде үздік үш команда анықталып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
Іс-шараның мақсаты — жастардың ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілетін дамыту және ұжымдық рухты арттыру болды.
										
									
										
									
										
									
										
									
    
    
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
	
    