Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылдық округінде «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Есік ЭТА қарасты Балтабай учаскесінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді.

1939 жылы салынған ескі ғимарат толық бұзылып, орнына заманауи талаптарға сай жаңа нысан салынды. Жалпы ауданы 82 м² ғимаратта жылы еден жүйесі, жаңа есік-терезелер, кеңсе жиһаздары және заманауи ас үй жабдықтары орнатылған.

Аумағы абаттандырылып, екі автокөлікке арналған жабық көлік тұрағы және 22,5 м² шатыр салынды. Биіктігі 2 метр кірпіш қоршау нысанның сыртқы келбетін толықтырып, қызметкерлерге жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырды.

Бұл жоба – қызметкерлерге қолайлы жағдай жасап, энергетикалық инфрақұрылымды жаңарту бағытындағы маңызды қадам болды.