Бүгін Кәсіподақтар күні мен Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығы аясында өткен салтанатты шарада ерекше жетістіктерімен «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ ұжымы да көзге түсті!

Басқарма Төрағасы Асылов Абай Ноғайұлы «Үздік әлеуметтік әріптес» номинациясымен марапатталса, 4 ЭТА электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрслесарі Таласбаев Жұмакелды Сағындықұлы Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы ұйымдастырған республикалық «Кәсібінің үздігі» байқауының жеңімпазы атанды!

Бұл марапаттар – адал еңбектің, әділ басшылықтың және әлеуметтік әріптестікті нығайту жолындағы табанды еңбектің жемісі.

Құттықтаймыз!
Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін!