Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ ұжымы «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік ұйымдастырды. Іс-шара барысында қызметкерлер мекеме аумағын тазалап, аумақты ретке келтіріп, ағаш көшеттерін отырғызды.

Компания басшылығының айтуынша, мұндай экологиялық бастамалар жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Олар ұжымдық жауапкершілікті қалыптастыруға, табиғатқа ұқыпты қарауға және қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосады.