«Алатау Жастары» 101 жастағы ардагер Қамбар Әмірұлы Сәрсеновті құттықтады
Республика күнімен тұспа-тұс келген Ұлы Отан соғысының ардагері Қамбар Әмірұлы Сәрсеновтің 101 жасқа толған мерейтойы аталып өтті.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ белсенді қызметкерлерінен құралған «Алатау Жастары» жастар ұйымының мүшелері қарт майдангердің шаңырағына барып, ізгі тілектерін білдіріп, сыйлықтарын табыс етіп, қарияның ақ батасын алды.
Қамбар Әмірұлы Сәрсенов 1942 жылдан бастап Бірінші және Екінші Балтық, сондай-ақ Үшінші Беларусь майдандарында соғысқа қатысқан. Ол 51-ші атқыштар дивизиясының 30-шы барлау ротасында барлаушы болып қызмет етті. Соғыс кезінде үш рет жараланып, 1945 жылы елге аман оралған.
Қамбар Әмірұлының ерлігі мен өмір жолы — ел мен жерге деген адалдықтың айғағы, жас ұрпаққа үлгі болатын өрлік мектебі.
Құрметті ардагерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!


