Қауіпсіз еңбек – басты құндылығымыз!
Қауіпсіз еңбек – басты құндылығымыз!
Компаниямызда жыл сайын құрылымдық басқармалар мен электртораптары аудандары арасында қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жұмыстары бойынша дәстүрлі конкурс өткізіледі. Бұл – әр қызметкердің өмірі мен денсаулығы біз үшін ең маңызды екенін айқын көрсетеді.
Биылғы конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған ұжымдар жоғары жауапкершілік танытып, заманауи, жайлы әрі қауіпсіз жұмыс орнын қалыптастыруға ерекше үлес қосты. Бұл – тиімді және жарақатсыз еңбек етудің басты кепілі.
🏆 Жеңімпаздар:
🥇 Бас жүлде – Қарасай ЭТА
🥈 I орын – Талғар ЭТА
🥉 II орын – 6 ЭТА және Шелек ЭТА
🎖 III орын – 4 ЭТА, Ұйғыр ЭТА, Жамбыл ЭТА
Барша жеңімпаздарды құттықтаймыз! Еңбектеріңіз – барша ұжымға үлгі. Қауіпсіз еңбек жолында бірге алға жылжи берейік!


