Энергетиктер арасындағы дәстүрлі бильярд турнирі Манат Өксікбаевтың рухына арналды
Алматы қаласындағы «Бастау» бильярд клубында энергетика саласы қызметкерлерін бір арнаға тоғыстырған ерекше күн өтті. Мұнда жыл сайын дәстүрге айналған Республикалық бильярд турнирі ұйымдастырылып, шара өз өмірін энергетика саласының дамуына арнаған Манат Өксікбаевтың жарқын рухына арналды.
Биылғы додаға еліміздің әр өңірінен келген 8 компанияны танытқан 24 ойыншы қатысты. Әрбір партия – ойыншылардың жігері мен шеберлігін, төзімі мен тактикасын айқындаған тартысты сын болды.
Бұл турнир энергетиктер үшін тек спорттық жарыс емес. Ол – өндірістік сала мамандарын жақындастырып, ортақ құндылықтарды күшейтетін, кәсіби қауымдастықтың бірлігін бекемдейтін маңызды дәстүр. Осындай басқосулар мамандарды ортақ рухқа топтастырып қана қоймай, бірлескен мақсат жолында да мықты команда болуға жігерлендіреді.


