«Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамында ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша кеңейтілген жиналыс өтті. Іс-шараға компанияның басқарма мүшелері, құрылымдық бөлім басшылары мен филиал директорлар қатысты.

Жиналыс барысында әр бөлім мен басқармалардың атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалып, өндірістік көрсеткіштер мен орындалған жобалар егжей-тегжейлі талқыланды. Сондай-ақ, компания қызметінің тиімділігін арттыру, электр желілерін жаңғырту, өндірістік қауіпсіздік пен қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту бағытындағы атқарылған шаралар мен алдағы жоспарлар сөз болды.

Басқарма тарапынан барлық құрылымдық бөлімшелерге нақты тапсырмалар беріліп, жыл соңына дейін жоспарланған жұмыстарды сапалы әрі уақытылы аяқтау қажеттігі атап өтілді. Сонымен қатар, тұтынушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, желілердің сенімділігін қамтамасыз ету және энергия үнемдеу мәдениетін дамыту сынды басым бағыттарға ерекше назар аударылды.

Жиын соңында компания басшылығы бірлескен еңбектің нәтижесінде белгіленген барлық мақсаттарға қол жеткізуге болатынын атап өтіп, ұжым мүшелерін белсенді жұмыс істеуге шақырды.