Алатау Жарық Компаниясы АҚ қызметкерлері референдумға белсенді қатысуда
Алатау Жарық Компаниясы АҚ ұжымы еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға – референдумға белсенді қатысуда. Компания қызметкерлері азаматтық жауапкершіліктерін сезіне отырып, өз таңдауларын жасау үшін дауыс беру учаскелеріне барып, ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын көрсетуде.
Энергетика саласының мамандары тек жарық пен энергия жеткізіп қана қоймай, қоғамның тұрақтылығы мен дамуына да өз үлестерін қосып келеді. Ұжым мүшелері әрбір азаматтың дауысы елдің келешегін айқындайтын маңызды қадам екенін жақсы түсінеді.
Осылайша, компания қызметкерлері белсенді азаматтық ұстаным танытып, референдумға ұйымшылдықпен қатысуда.


