“Қайырымдылық қоржыны” акциясы өтті
Наурызнама онкүндігі аясында “Алатау Жарық Компаниясы” АҚ “Алатау Жастары” жастар ұйымының ұйымдастыруымен “Қайырымдылық қоржыны” атты акциясы өтті.
Акция аясында жастар балалар үйіне арнайы барып, тәрбиеленушілерге тәттілер мен ойыншықтар үлестіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Шараның басты мақсаты – балаларға қуаныш сыйлап, мейірім мен қамқорлықтың маңызын насихаттау.
Осындай игі бастамалар қоғамдағы жанашырлық пен қайырымдылық құндылықтарын нығайтып, Наурыз мерекесінің шынайы мәнін айқындай түседі.


