АО «Алатау Жарық Компаниясы» Еңбекшіқазақ ауданы тұрғындарынан келіп түскен электр кернеуінің төмендеуіне қатысты шағымдарды қарады.
Мәселенің себептерін анықтау мақсатында АО «Алатау Жарық Компаниясы» тарапынан комиссия құрылып, аталған кәсіпорынның электрмен жабдықтау схемасына тексеру жүргізді.
Кәсіпорынның жеке 40 МВА қосалқы станциясы бар. Сонымен қатар, кәсіпорынға 35 МВт көлеміндегі рұқсат етілген қуатқа техникалық шарт берілген.
Кернеу деңгейін тұрақтандыру және электр желілеріне түсетін жүктемені төмендету мақсатында кәсіпорын тарапынан бірқатар шаралар қабылданды. Атап айтқанда, өндірістегі бір электр пеші уақытша ажыратылып, нәтижесінде кәсіпорынның электр жүктемесі шамамен 7 МВт-қа төмендетілді.
Сонымен қатар, кернеу деңгейін одан әрі тұрақтандыру үшін 110 кВ жоғары кернеу жағында қосымша техникалық шараларды жүзеге асыру қажет. Осыған байланысты кәсіпорынға 110 кВ жағында БСК (батареялық статикалық конденсаторлар) қондырғысын орнату ұсынылды.
Электр энергиясын тұтыну параметрлерін нақты бақылау және желідегі жүктеме режимін тұрақты қадағалау мақсатында кәсіпорында АСКУЭ және телеметрия жүйелерін орнату тапсырылды.


