21–22 қазанда Алматы қаласындағы «Атакент» ҚІЫО-да Powerexpo Almaty 2026 халықаралық энергетикалық форумы өтті. Сала өкілдерін, мемлекеттік органдарды, энергетикалық компаниялар мен технологиялық шешім әзірлеушілерді біріктірген іс-шарада Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.
Форум аясында өткен «Алматы энергетикасы: 105 жылдық даму және жаңа өсу нүктелері» атты пленарлық сессияға «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ өкілі, бас инженер Жақсылық Сағымбеков қатысты.
Пікірталас барысында Алматы қаласы мен Алматы энергия торабының 2035 жылға дейінгі даму перспективалары, электр энергиясына деген сұраныстың артуы, генерация мен электр желілерін жаңғырту, сондай-ақ жаңа өнеркәсіптік аймақтар мен Alatau City жобасын сенімді энергиямен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.
Энергетикалық инфрақұрылымды қаланың даму жоспарларымен үйлестіру, инвестиция тарту және ең жоғары жүктеме кезеңдерінде электрмен жабдықтау тұрақтылығын қамтамасыз ету де талқылаудың маңызды бағыттарының бірі болды.
Мұндай кәсіби алаңдар энергетика саласындағы өзекті міндеттерді бірлесіп талқылауға, тиімді технологиялық шешімдерді қарастыруға және саланың ұзақ мерзімді дамуына бағытталған өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік береді.
«Алатау Жарық Компаниясы» Алматы қаласы мен Алматы облысындағы электр желілерін жаңғырту және дамыту арқылы тұтынушыларды сенімді әрі сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.


