Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-на жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында қала басшысы өндірістік бөлімшелердің қызметімен, арнайы техниканың жұмысымен танысып, мегаполистің энергетикалық инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады.

Компания өкілдері инвестициялық бағдарламаны іске асыру нәтижелерін ұсынып, электр желілерін дамытуға қатысты алдағы жоспарларымен бөлісті.

Дархан Сатыбалды электр желілерін кезең-кезеңімен жаңғыртудың, заманауи цифрлық технологияларды енгізудің, сондай-ақ авариялық жағдайлар туындаған кезде халықты жедел әрі дәл ақпараттандырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл қала тұрғындарын электр энергиясымен сенімді және үздіксіз қамтамасыз ету үшін қажет.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып, электр желілерін жаңғырту мен жаңарту шараларын кезең-кезеңімен жүзеге асыруда.