«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ электрмен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыру және апаттық жағдайлардың алдын алу мақсатында электр желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Мамандар трансформаторлық қосалқы стансаларға және желі элементтеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын қолға алды. Жұмыстар электрмен жабдықтау сапасын жақсартуға және ықтимал технологиялық ақаулардың алдын алуға бағытталған.

Жоспарлы жөндеу жұмыстары жұмыс күндері сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі. Осы уақыт аралығында жекелеген учаскелерде электр энергиясы уақытша өшірілуі мүмкін. Техникалық мүмкіндік болған жағдайда тұрғындар жарықсыз қалмауы үшін энергия беру резервтік желілерге ауыстырылады. Көбінесе жөндеу жұмыстарының ұзақтығы 3–4 сағаттан аспайды.

Жоспарлы түрде өшіру кестесі, нақты мекенжайлар, күндер және уақыт www.azhk.kz