«Самрұқ-Энерго» АҚ-да Энергетиктер күніне арналған марапаттау рәсімі өтті
«Самрұқ-Энерго» АҚ да Энергетиктер күніне орай қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.
Құттықтау сөзінде «Самрұқ - Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Мақсұтов Қайрат Берікұлы компаниялар тобының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, еңбекқорлықтары мен өз ісіне адалдығы үшін алғыс білдірді.
Салтанатты іс-шара Самрұқ - Энерго компаниялар тобының талантты қызметкерлерінің қатысуымен өткен концертпен аяқталды. Атап айтар болсақ, Алатау Жарық Компаниясынан “220” КВН командасы өз өнерлерін көрсетіп, көрермендердің көңілін көтеріп қайтты.


