Абай Асылов Есік ЭТА-ға жұмыс сапарымен барып, жаңғыртылған нысандарды аралады
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Абай Асылов Есік Электр Тораптары Ауданына жұмыс сапарымен барып, жаңғыртудан өткен нысандарды аралады.
Сапар барысында Басқарма Төрағасы күрделі жөндеуден кейін жаңа кейіпке енген әкімшілік ғимаратты қарап шықты. Кеңсе ғимараты заманауи талаптарға сай толықтай жаңартылып, қызметкерлердің жайлы әрі тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін жағдайлар жасалған.
Жөндеу жұмыстары тек кеңсе аумағымен шектелмей, қызметкерлердің денсаулығын нығайтып, бос уақытын тиімді өткізуге арналған спортзалдар да күрделі жөндеуден өтті. Мұнда жаңа жабдықтар орнатылып, жарықтандыру мен желдету жүйелері, есіктері мен терезелері жаңартылды.
Абай Асылов жаңғыртылған нысандарды аралау барысында еңбек жағдайын жақсарту мен өндірістік тиімділікті арттыруға бағытталған мұндай жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерінде осындай оң өзгерістерді жалғастыру қажеттігін айтты.
Жаңартылған ғимарат пен спортзал қызметкерлердің жұмысқа деген ынтасын арттырып, олардың кәсіби әрі жеке дамуына оң әсерін тигізбек.


