АО «Алатау Жарық Компаниясы» қызметкерлері Kaizen методологиясы бойынша кәсіби оқытудан өтті. Оқыту бағдарламасы қызметкерлердің үздіксіз жетілдіру мәдениетін қалыптастыруына және жұмыс үдерістерінің тиімділігін арттыруына бағытталды.

Бағдарлама барысында қатысушылар шығын түрлерін егжей-тегжейлі зерттеді. Сондай-ақ әр түрлі практикалық тапсырмалар мен бизнес-ойындар арқылы Kaizen құралдарын нақты жағдайларда қолдану мүмкіндігін алды.

Алынған білім мен тәжірибе компанияның операциялық тиімділігін арттыруға, сондай-ақ АО «АЖК»-да үздіксіз жақсарту мәдениетін одан әрі дамытуға ықпал ететін маңызды қадам болып табылады.