Диспетчердің жұмысы — желіні тәулік бойы жедел басқару. Телефон қолжетімсіз болып қалған сәттерде маман үздіксіз электрмен жабдықтауға тікелей әсер ететін маңызды міндеттерді орындап жатады:

  • авариялық және жөндеу бригадаларының жұмысын үйлестіру;

  • жедел ауыстырып-қосуларды жүргізу;

  • технологиялық бұзушылықтарды тіркеу және талдау;

  • жұмыстарды қауіпсіз орындау үшін нарядтар мен рұқсаттарды рәсімдеу;

  • бір мезетте бірнеше байланыс арнасы арқылы жұмыс істеу — бригадалармен, қызметтермен және іргелес бөлімшелермен байланыс.

Сондықтан кейде диспетчер бірден жауап бере алмайды — оның басты міндеті желінің тұрақты әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету.

Сондай-ақ бізде колл-орталық жұмыс істейтінін атап өткіміз келеді.
Барлық сұрақтар бойынша 356-99-99 нөміріне хабарласа аласыз — операторлар өтініштерді қабылдап, оны жедел түрде жұмысқа жолдайды.

Түсіністік танытқан тұтынушыларымызға алғыс айтамыз және еске саламыз: әрбір қоңырау маңызды. Мүмкіндік болған бойда диспетчер міндетті түрде кері қоңырау шалады немесе өтінішті өңдейді.