Электр энергиясы – күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі. Алайда қауіпсіздік ережелерін сақтамау өртке немесе электр жарақатына әкелуі мүмкін.

🔹 Ақауы бар немесе сымы зақымданған электр құралдарын пайдаланбаңыз.
🔹 Бір розеткаға бірнеше қуатты құрылғыны қатар қоспаңыз.
🔹 Электр құралдарын дымқыл қолмен ұстамаңыз, суға жақын қолданбаңыз.
🔹 Балаларды розетка мен ашық сымдардан қорғаңыз.

❄️ Қыс мезгілінде электр желісіне жүктеме артады. Электр жылытқыштарды ұзартқыш арқылы қоспау, үстін жаппау және қараусыз қалдырмау маңызды.
Үйден шығарда электр құралдарын ток көзінен ажыратып кетуді ұмытпаңыз.

Қарапайым қауіпсіздік ережелері – сіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігінің кепілі.