«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-та 2025 жылдың қорытындысы бойынша жария тыңдаулар өтті
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-та электр энергиясын беру қызметі бойынша 2025 жылдың қорытындысы, тарифтік сметаның және инвестициялық бағдарламаның орындалуы жөнінде жария тыңдаулар өтті.
Тыңдаулар барысында компания қызметінің негізгі нәтижелері, инвестициялық бағдарламаның және тарифтік сметаның орындалуы, сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы, сондай-ақ қаржылық-экономикалық көрсеткіштер мен көрсетілген қызмет көлемі туралы ақпарат ұсынылды.
Сонымен қатар, тұтынушылармен жұмыс мәселелері және тарифтердің жоспарланған өзгерістерін қоса алғанда, компанияның даму перспективалары қарастырылды.
«АЖК» АҚ электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру және көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастыруда.


