Алматыда 10 кВ кабель желісінің екі өткелін жүргізу жұмыстары аяқталды
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ инвестициялық бағдарламасы аясында Розыбакиев – Штраус және Розыбакиев – Жандосов көшелерінің қиылысында «ПС-6А, ПС-168А (2 кезең) нысандарында 6 кВ электр желілерін 10 кВ кернеуге ауыстыру» жобасы бойынша 10 кВ кабель желісінің екі өткелін ашық тәсілмен жүргізу жұмыстары толық аяқталды.
Жұмыстарды мердігер ұйым – «SARYARKA-MS» ЖШС сапалы әрі белгіленген мерзімде орындады.
Аталған жоба Алматы қаласы тұрғындарын тұрақты, сапалы және сенімді электр энергиясымен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.


