Алматы облысы Іле ауданына қарасты Түймебай ауылында электр желілерін жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ жүзеге асырып жатқан жоба аясында 4,9 шақырым заманауи СИП электр желісі тартылып, 185 тұрғын үй жаңа желілерге қосылады.

Бұл – тек жаңарту емес, ауыл тұрғындары үшін қолайлы әрі қауіпсіз өмір сапасына жасалған нақты қадам. Жаңа желілер электрмен қамтудың сенімділігін арттырып, күнделікті тұрмысқа жайлылық әкеледі.