“Алатау Жарық Компаниясы” акционерлік қоғамы баршаңызды көктемнің жарқын мерекесі – Наурызбен шын жүректен құттықтайды!

Наурыз – табиғатпен бірге тіршілік жаңарып, үміт пен сенім жаңғыратын ерекше мейрам. Бұл күн – татулық пен бірліктің, ізгілік пен мейірімнің, береке мен молшылықтың белгісі.

Осы айтулы мереке әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш, ырыс пен ынтымақ әкелсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, әрбір күніміз жарқын жетістіктер мен игі бастамаларға толы болсын.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілейміз!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Наурыз құтты болсын!