28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аясында “Алатау Жарық Компаниясы” АҚ-да қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ауқымды іс-шаралар легі ұйымдастырылды. Соның бірі – өндірістік құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлері арасында өткен бейнероликтер байқауы.

Байқау “Болашақтың қауіпсіздігі: ЖИ энергиясы” және “PRO-Қауіпсіздік: қателерсіз шеберлік” тақырыптарын қамтып, қатысушылардың креативті ойлауын, кәсіби біліктілігін және еңбек қауіпсіздігіне деген жауапкершілігін айқын көрсетті. Әрбір ұсынылған жұмыс заманауи технологияларды тиімді қолдану, өндірістегі тәуекелдерді азайту және қауіпсіздік мәдениетін жаңа деңгейге көтеру идеяларымен ерекшеленді.

Қатысушылар өз бейнероликтері арқылы қауіпсіз еңбек – тек талап емес, әр қызметкердің күнделікті дағдысына айналуы тиіс құндылық екенін жеткізе білді. Бұл байқау тәжірибе алмасуға, үздік тәжірибелерді насихаттауға және ұжымдық жауапкершілікті арттыруға үлкен мүмкіндік берді.

Байқау қорытындысы бойынша:
🥇 1 орын – Қарасай электр тораптары ауданы
🥈 2 орын – Ұйғыр электр тораптары ауданы
🥉 3 орын – 6 электр тораптары ауданы

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің еңбектеріңіз – қауіпсіз өндіріс мәдениетін дамытуға қосқан маңызды үлес.

“Алатау Жарық Компаниясы” АҚ үшін қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы – басты құндылық. Компания алдағы уақытта да еңбекті қорғау саласында жүйелі жұмыстарды жалғастырып, “нөлдік жарақаттану” қағидатын жүзеге асыру жолында барлық қажетті шараларды қабылдай береді.

Қауіпсіздік – әрқайсымыздан басталады!