Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесі «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-да кең көлемде аталып өтті
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ көктемнің шуақты мейрамын ерекше көңіл-күймен қарсы алды. Табиғат түлеп, тіршілік жаңарған бұл күні ұлттық құндылықтар дәріптеліп, салт-дәстүріміз ұлықталды.
Мерекелік іс-шара барысында әріптестеріміз гір тасын көтеру, ләңгі тебу, қазақша күрес, қол күрес, қошқар көтеру және арқан тарту сияқты ұлттық ойындарда бақ сынап, күш-жігері мен ептілігін көрсетті. Әр сайыс тартысты өтіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Бұл күн – тек жарыс пен ойын ғана емес, ол – бірлік пен бауырмалдықтың, сыйластық пен ынтымақтың мерекесі. Ұжымның әр мүшесі ортақ қуанышқа бөленіп, Наурыздың шынайы рухын сезінді.
Наурыз құтты болсын! Әр шаңыраққа бақ-береке, ырыс пен молшылық тілейміз!


