“Алатау Жарық Компаниясы” АҚ тыл ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады
Ұлы Жеңіс — ерлік пен елге деген адалдықтың мәңгілік символы. Бейбіт өмір үшін аянбай еңбек еткен тыл ардагерлерінің қажырлы еңбегі әрдайым зор құрметке лайық.
“Алатау Жарық Компаниясы” АҚ ұжымы жылдағы игі дәстүр бойынша тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтап, сыйлықтар табыстап, қаржылай көмек көрсетті.
Ардагерлермен өткен жылы жүздесулер барысында жылы лебіздер айтылып, олардың ел дамуына қосқан өлшеусіз үлесіне алғыс білдірілді.
Ардагерлерімізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бейбіт өмір тілейміз!


