“Алатау Жарық Компаниясы” АҚ ұжымы 9 мамыр – Жеңіс күніне орай Мәңгі алауға гүл шоқтарын қойып, ел үшін жанын қиған батырларды еске алды.

Іс-шара барысында майдан даласында ерлікпен қаза тапқан қаһармандардың рухына тағзым етіліп, олардың Отан алдындағы өшпес ерлігіне құрмет көрсетілді.

Ұлы Жеңіс – халқымыздың батырлығы мен бірлігінің мәңгілік символы. Бейбіт өмір мен ел тыныштығы жолында жанын берген ардагерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

Ардагерлерге тағзым, батырларға мәңгілік құрмет!