«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ – «Энергосбыт» филиалы борышкер тұтынушылардың электр энергиясын тұтынуын шектеу бойынша іс-шаралардың жүргізілетіні туралы хабарлайды.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ – «Энергосбыт» филиалының мәліметінше, 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Алматы қаласы мен Алматы облысы тұтынушыларының тұтынылған электр энергиясы үшін жалпы берешегі шамамен 34 млрд теңгені құрайды.

Дебиторлық берешектің өсуі өңірдің энергетикалық жүйесінің тұрақты жұмыс істеуіне елеулі қауіп төндіреді, өйткені төлемдердің уақтылы түспеуі электр энергиясын жеткізушілермен есеп айырысуға, сондай-ақ электр энергиясын беру қызметтері мен электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету қызметтеріне ақы төлеуге қажетті қаражаттың жетіспеуіне әкеледі.

Күзгі-қысқы кезеңнің аяқталуына байланысты, 2026 жылғы 8 маусымнан бастап «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ – «Энергосбыт» филиалы мерзімі өткен берешегі бар тұтынушыларға қатысты электр энергиясын беруді шектеу және (немесе) тоқтату жөніндегі іс-шараларды бастайды.

Аталған шаралар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және электрмен жабдықтау шарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 6 наурызда №10403 болып тіркелген Электр энергиясын пайдалану қағидаларының 51-тармағына сәйкес, энергиямен жабдықтаушы ұйымның өтінімі негізінде энергия беруші ұйым тұтынушы шартта белгіленген мерзімде тұтынылған электр энергиясы үшін төлем жасамаған немесе толық көлемде төлемеген жағдайда, оны алдын ала хабардар ете отырып, электр энергиясын толық немесе ішінара беруді тоқтатуға құқылы.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ – «Энергосбыт» филиалы берешегі бар барлық тұтынушыларды шектеу шараларының қолданылуына жол бермеу үшін қарыздарын уақтылы өтеуге шақырады.

Сондай-ақ, коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді жинауды жүзеге асыратын МИБ, ПИК, басқарушы компаниялар мен өзге де ұйымдардың басшыларына жиналған қаражатты энергия ресурстарын жеткізушілерге уақтылы аудару қажеттілігіне ерекше назар аударуды сұраймыз.

Төлем міндеттемелері орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мынадай шаралар қолданылады:

  • электр энергиясын беруді шектеу және тоқтату;
  • берешекті сот тәртібімен өндіріп алу;
  • сот актілерін мәжбүрлеп орындау.

Алматы қаласы бойынша ең ірі берешегі бар тұрғын үй кешендері мен шағын аудандар:

  • «Алма Сити» ТК – 306,2 млн тг
  • «Шұғыла» ТК – 175,4 млн тг
  • «Жас Қанат» ТК – 122,9 млн тг
  • «Алатау Сити» ТК – 105,4 млн тг
  • «Кристалл» ТК – 82,0 млн тг
  • «Адель» ТК – 73,6 млн тг
  • «Alem City» ТК – 71,6 млн тг
  • «Qargaly City» ТК – 54,6 млн тг
  • «12 месяцев» ТК – 48,6 млн тг
  • «Мирас» ТК – 40,6 млн тг
  • Esentai City ТК – 32,2 млн тг
  • Dragon City ТК – 30,7 млн тг
  • «Дом на Абая» ТК – 28,7 млн тг
  • «Ожет» ТК – 26,3 млн тг
  • «Алтын Бұлақ-1» ТК – 22,8 млн тг
  • Ерменсай ықшамауданы – 18,6 млн тг
  • AFD Plaza ТК – 15,3 млн тг
  • «Хан Тәңірі» ТК – 14,6 млн тг
  • «13 микрорайон» ТК – 12,6 млн тг
  • «Амаль» ТК – 10,3 млн тг
  • Rams Luxury ТК – 9,1 млн тг

Алматы облысы бойынша:

  • ЖК Medeu City — 93,5 млн тенге;
  • ЖК Altin City — 43,9 млн тенге;
  • ЖК Gres Park — 37,2 млн тенге;
  • ЖК Tamarix — 34,0 млн тенге;
  • ЖК «Ашық төбе» — 17,6 млн тенге;
  • ЖК «Достар» и ЖК «Алматау» — 14,5 млн тенге;
  • ЖК Aspan City-2 — 13,0 млн тенге;
  • ЖК Galamat — 4,9 млн тенге.

 

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ – «Энергосбыт» филиалы электр энергиясы үшін төлемді уақтылы жүзеге асырып жүрген адал тұтынушыларға алғысын білдіреді және Алматы қаласы мен Алматы облысының сенімді электрмен жабдықталуы әрбір тұтынушының шарттық міндеттемелерін орындауына тікелей байланысты екенін еске салады.