«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы спартакиада қатысушыларымен кездесті
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Абай Асылов «Самұрық-Энерго» компаниялар тобы қызметкерлері арасындағы спартакиадада жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болған және жарысқа белсенді қатысқан қызметкерлермен кездесті.
Кездесу барысында ол команданың ұйымшылдығы мен жеңіске деген жігерін ерекше атап өтіп, әрбір қатысушыға алғыс білдірді.
— Бұл жеңіс — тек спорттағы жетістік емес, ол біздің ұжымның бірлігі мен кәсібилігінің айқын көрінісі. Осындай табыстар компанияның корпоративтік рухын нығайтып, жаңа белестерді бағындыруға жігер береді, — деді Абай Асылов.
Іс-шара соңында Басқарма Төрағасы спартакиада жеңімпаздары мен белсенді қатысушыларын арнайы марапаттады. Бұл қолдау қызметкерлердің еңбегі мен спорттағы жетістіктеріне берілген жоғары баға болып, ұжымға жаңа серпін сыйлады.


