«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ ЭТА-4 бөлімшесінде «Отбасылық еңбек қауіпсіздігі күні» аясында қызметкерлердің балаларына арналған таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты — жас ұрпақтың электр энергиясымен қауіпсіз жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ энергетика саласының қызметімен және энергетик мамандығымен таныстыру болды.

Экскурсия барысында балалар ЭТА-4 әкімшілік ғимаратын, ауысым алдындағы медициналық куәландыру кабинетін және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі инспектордың кабинетін аралап, қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралармен танысты. Кәсіпорын мамандары жеке қорғаныс құралдары мен еңбек қауіпсіздігінің негізгі талаптары туралы айтып берді.

Сондай-ақ қатысушыларға электр желілері ауданының сызбасы көрсетілді. Балалар әуе және кабельдік электр беру желілерінің, трансформаторлық қосалқы станциялардың жұмысы және электр энергиясын тұтынушыларға жеткізу процесі туралы білді.

Экскурсия соңында балаларға электр қауіпсіздігі бойынша оқыту материалы көрсетіліп, іс-шара қорытындыланды, сұрақтарға жауап берілді және бірлескен фотосуретке түсу ұйымдастырылды.

Мұндай іс-шараларды өткізу қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, балалардың электр энергетикасы туралы білімін кеңейтуге және саладағы ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ықпал етеді.