«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Бас инженері Жақсылық Сағымбековтің төрағалығымен компанияның барлық құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуымен селекторлық кеңес өтті.

Кеңес барысында алдағы жылыту маусымына дайындық аясында атқарылуы тиіс маңызды ұйымдастырушылық және техникалық шаралар жан-жақты талқыланды. Бас инженер қысқы кезеңде тұтынушыларды үздіксіз әрі сенімді электр энергиясымен қамтамасыз ету компанияның басты міндеттерінің бірі екенін атап өтіп, барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде және жоғары сапада орындауды тапсырды.

Сонымен қатар, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның «Энергосбыт» филиалы мен берешегі бар тұрғын үйді басқару ұйымдары — басқарушы компаниялар, МИБ және ПИК басшылары арасындағы өзара іс-қимылды күшейту мәселесіне ерекше назар аударылды. Борышкерлермен түсіндіру жұмыстарын жандандыру, қарыздарды өтеудің тиімді тетіктерін қарастыру, төлем тәртібін нығайту және өзара ынтымақтастықты арттыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Кеңес қорытындысында барлық жауапты басшыларға жүктелген міндеттердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстап, жылыту маусымына толық дайындықты қамтамасыз ету міндеттелді.