«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Абай Асыловтың төрағалығымен жұмыс кеңесі өтіп, 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындылары талқыланды.
Кеңес барысында электр желілерін реконструкциялау және жаңғырту жұмыстарының барысы, жоспарлардың орындалуы және алдағы міндеттер қаралды.
Басқарма Төрағасы жылыту маусымы басталғанға дейін электр желілерін реконструкциялау және жаңғырту бойынша жоспарланған жұмыстарды толық аяқтауды тапсырды.
Сонымен қатар, жұмыстарды жүргізу кезінде еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігіне ерекше назар аударылды.
Алдағы кезеңдегі басты міндет – жоспарланған жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде орындап, электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру.


