- Автор: Super User
- Категория: Uncategorised
- Қаралды: 4327
Ұйғыр ЭТА
Ұйғыр ЭТА басшысы: Турганов Аршидин Турганович
Мекен-жайы: Алматы облысы, Шунжа ауылы, Ашима Арзиева к-сі, 1.
Телефоны: +7 (72778) 2-17-83, +7 (72778) 2-27-05, +7 (72778) 2-27-06
Ұйғыр ЭТА 1967 жылы құрылып, «АЖК» АҚ - ның құрылымдық бөлімшесі болып табылды. Алматы облысының солтүстік-шығыс аумағында орналасқан Ұйғыр ЭТА-ң қызмет көрсететін электрлік желілер ауданы - 8,8 мың км2 құрайды. Жеке тұлғалардың саны – 14 036 бірлік, заңды тұлғалар – 1 103 бірлік.
- Автор: Super User
- Категория: Uncategorised
- Қаралды: 5870
Талғар ЭТА
Талғар ЭТА басшысы: Сарсенов Ербол Рабатович
Мекен-жайы: Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қаласы, Рысқұлов к-сі, 185.
Телефоны: Диспетчерская: 8 (727) 371 88 48; 8 (727 74) 3 41 55.
Приемная: 8 (727) 371 85 99.
Талғар ЭТА 1965 жылы құрылып, «АЖК» АҚ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылды. Алматы облысының солтүстік аумағында орналасқан Талғар ЭТА-ның қызмет көрсететін электрлік желілер ауданы – 378,59 мың км2 құрайды. Қызмет көрсетілетін абоненттер саны: жеке тұлғалардың саны – 50 248 бірлік, заңды тұлғалар – 3 082 бірлік.
- Автор: Super User
- Категория: Uncategorised
- Қаралды: 3565
«Серiктес» жергілікті кәсіподағы
Кәсіби одақ (кәсіподақ) – өз мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек, өндірістік-кәсіптік мүдделері қауымдастығы негізінде ерікті түрде құрылған, тұрақты мүшелігі бар қоғамдық бірлестік.
«Серіктес» кәсіподағы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Еңбек кодексіне, «Кәсіподақтар туралы» заңға, «АЖК» АҚ Жарғысына және басқа да құжаттарға сәйкес жүзеге асырады.
«АЖК» АҚ-да әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін негізгі құқықтық құжат - «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ әкімшілігі мен кәсіподақ төрағасы тұлғасындағы еңбек ұжымы арасындағы ұжымдық шарт болып табылады.
«Серіктес» кәсіподағының қатарында 3500-ден астам адам бар, бұл «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметкерлерінің жалпы санының 91% құрайды.
Кәсіподақтың құрылымы шаруашылық жүргізуші субъектіге («Алатау Жарық Компаниясы» Акционерлік Қоғамынына) жақындатылған, 3 бағытта жұмыс істейді: облыс (Электр Тарату Аудандары), қала (Электр Тарату Аудандары), орталық басқару және қызметтер. Бұл бөлімшелерде цех комитетінің басшылығымен цехтың кәсіподақ ұйымдары бар, олар мына секторлар бойынша жұмыс істейді: ұйымдастырушылық-қаржылық, мәдени-бұқаралық, спорт, еңбек даулары мен шағымдарды қарау. Кәсіпорынның барлық шаруашылық құрылымдарында ұжыммен техникалық инспекторлар сайланды. Бұл жұмыстардың барлығын Кәсіподақтың атқарушы комитеті үйлестіреді.
Кәсіподақ өз мүшелеріне өзінің құзыреті шегінде материалдық, сонымен қатар заңдық (кеңес беру) сияқты жан-жақты көмек көрсетеді. Бұдан өзге, атқарушы комитеттің өкілдері өндірісте болған жазатайым оқиғаларды қарастыратын, көшпелі комиссияларға қатысады, даулы жағдайлар туындаған кезде келістіру комиссиясының құрамына кіргізіледі, аттестациялық комиссияның, Өндірістік Кеңестің және Тарифтік-біліктілік комиссияның жұмысына қатысады.
Байланыс:
Қали Сабржан Базылбекұлы
«Серiктес» кәсіподағының төрағасы
Тел.: +7 727 376-17-54
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
- Автор: Super User
- Категория: Uncategorised
- Қаралды: 4990
«Alataý Jastary» жастар ұйымы
«Alataý Jastary» Жастар ұйымы 2019 жылы «Жастар жылы» шеңберінде құрылды.
«Alataý Jastary» жастар ұйымы 35 жасқа дейінгі адамдар мүшелік еткен, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның мүдделі тараптары алдында өз мүдделерін таныстыру және қорғау мақсатымен өз еріктерімен біріккен жастар жиыны.
«Alataý Jastary» жастар ұйымы келесідей мәселелерді шешеді:
• қоғамның жас қызметкерлері мен ұйым мүшелерінің кәсіби, рухани, табиғи және өнегелі дамуына бағытталған талаптарын қолдап, көтермелейді;
• қоғамның беделін нығайтуға, буындардың сабақтастығын сақтауға ықпал етеді;
• жастардың, жас және күнкөрісі төмен отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешуге қатысады;
• мамандықтың беделін арттыруға, жастардың кәсіби шеберлігін арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастырады;
• кәсіпорынның жас мамандары және ұйым мүшелерінің мәдени, бос уақыттағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған өзіне кең ауқымды іс-шараларды қосатын әртүрлі бағдардамаларды дайындау және іске асыруды ұйымдастырады;
• қоғам қызметі туралы ақпараттық-талғаулық жұмыспен қамтамасыз ету;
• қоғамның жастар бағдарламасын дайындауға және іске асыруға қатысады.
Байланыс:
Тел.: + 7 727 376 15 30
- Автор: Super User
- Категория: Uncategorised
- Қаралды: 4333
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның Бастауыш ардагерлер ұйымы
БАҰ Бастауыш ардагерлер ұйымы туралы қағидаларға сәйкес жұмыс істейді.
БАҰ басшылық органы құрамында 7 адам бар Ардагерлер кеңесі болып табылады: Абдигулов Б.Т., Аккулиев Б.О., Жаржанова Л.А., Ким Г.В., Кубегенов М.Е., Кужалиев Ж.Г., Федоров А.А.
Ардагерлер кеңесінің кезектен тыс отырысында Бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы болып Кубегенов Мадияр Ералиевич, хатшысы Л.А.Жаржанова болып сайланды.
БАҰ мақсаты мен міндеттері бастауыш ардагерлер ұйымы туралы қағидаларда анықталған, атап айтқанда:
• ардагерлердің лайықты әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын, олардың қоғамдық өмірге қатысуын қамтамасыз ету, ардагерлердің (зейнеткерлердің) құқықтары мен бостандықтарын қорғау);
• материалдық және тұрғын үй жағдайларын, мәдени-тұрмыстық, медициналық және басқа да ардагерлерге қызмет көрсету түрлерін жақсарту;
• оқу орындарында, ұжымдарда, аға ұрпақтың жауынгерлік және еңбек даңқы дәстүрлері, ата-бабаларымыздың үздік халықтық дәстүрлері бойынша жастардың тәрбие жұмыстарына ардагерлердің қатысуы,. Жастардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін тәрбиелеу;
• мұражайларды, ескерткіштер мен мемориалдарды құру және сақтау арқылы Отан қорғаушыларды мәңгі есте қалдыру;
• ұлтаралық және конфессияаралық келісімді, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту бойынша жұмысқа қатысу.
Байланыс:
Тлеубаев Толеугали Алькеевич
Басқарма Төрағасының ардагерлер мәселелері жөніндегі Кеңесшісі
Тел.: +7 727 300-06-54
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


