- Автор: Super User
- Категория: Uncategorised
- Қаралды: 4517
Біріктірілген менеджмент жүйесі
Компанияның мақсаты – біріктірілген менеджмент жүйесін, оның ішінде оны үнемі жетілдіру процестерін тиімді қолдану арқылы тұтынушылардың қанағаттанушылығын арттыру болып табылады.
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы КМЖ-нің САЯСАТЫ |
- Автор: Super User
- Категория: Uncategorised
- Қаралды: 3196
Doing Business
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ әлемнің дамыған 30 еліне кіру және бизнес жүргізу үшін жағдайларды жақсарту аясында Doing Business Дүниежүзілік банкінің рейтингінде «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторы бойынша Қазақстан Республикасын ұсынады. Doing Business баяндамасы 17 рет жасалды және әлемнің 190 елін қамтиды. Ол бүкіл қызмет циклі ішінде бизнесті дамытуға ықпал ететін немесе кедергі келтіретін реттеу нормаларын, соның ішінде кәсіпорын құруды, бизнесті жүргізуді, сыртқы сауда қызметін жүргізуді, салық төлеуді, сондай-ақ инвесторлардың құқығын қорғау деңгейін зерттейді.
2019 жылы Қазақстан «Doing Business 2020» Дүниежүзілік банкінің топтар рейтингінде үш сатыға көтеріліп, алғаш рет үздік 25 елдің қатарына енді.
Дүниежүзілік банктің есебіне сәйкес, Қазақстан бір жыл ішінде үш сатыға көтеріліп және соңғы екі жыл ішінде 11 позицияға көтеріліп, 25-ші орынға тұрақтады (2017 - 36 орын, 2018 - 28 орын).
Жалпы алғанда, Қазақстан 10 негізгі индикаторлар бойынша бағаланады. 10 негізгі индикатордың ішінде Қазақстан 3 индикатор бойынша өз позициясын жақсартты.
Дүниежүзілік банктің хабарламасында Қазақстан үш индикатор бойынша айтарлықтай өскенін көрсетті, олардың бірі «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» (+9 позиция), яғни 76-орыннан 67-орынға көтерілді.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ электр желілеріне қосылу процесін оңтайландыру бойынша жүйелі және жоспарлы жұмыс жүргізуде.
Басқарманың 2019 жылғы 9 сәуірдегі №5 Шешімімен тұтынушылардың электр қондырғыларын «АЖК» АҚ электр тоаптарына қосудың жаңа Реттемесін жасап, бекітті, бұл қосылу рәсімдерін едәуір жеңілдетеді - егер бұрын тұтынушы «АЖК» АҚ қызметкерлерімен 7 сатыда байланыс орнатса, қазіргі кезде тек 3 сатыда ғана:
1.Техникалық шарттарды алу кезінде
2.Қабылдап-тапсыру сынақтары кезінде
3.Электр қондырғыларды қосу кезінде (коммерциялық есепке алу және кернеуді беру жүйесін қабылдау)
Тұтынушылар ұсынатын құжаттардың саны азайды, егер бұрын электр қондырғысын қосу үшін тұтынушыға 10-нан астам құжат ұсыну қажет болса, қазір кезде тек екі құжат қана:
1.Техникалық шарттар көшірмесі
2.Электрмен жабдықтауға арналған жоба көшірмесі
- Автор: Super User
- Категория: Uncategorised
- Қаралды: 4712
Компания бүгін
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ – бұл Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушыларына электр энергиясын жеткізуді және бөлуді жүзеге асыратын ірі электр энергетикалық компания.
Бүгінгі таңда «АЖК» АҚ Алматы өңіріндегі 4 миллионға жуық адамды электр қуатымен қамтамасыз етеді.
Компанияның қызметі тұтынушыларды сенімді және үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз етуге және аймақтың энергетикалық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған. «АЖК» АҚ-ның жалғыз акционері «Самұрық-Энерго» АҚ болып табылады.
220-110-35-10-6-0,4 кВ кернеу кластарының электр тораптары «АЖК» АҚ теңгерімдік тиесілілігіне жатады.
Компанияның құрамына кіреді:
- ұзындығы 410,34 км кернеуі 220 кВ әуелік электр жеткізу желілері;
- ұзындығы 2 698,95 км 110 кВ әуе желілері;
- кернеуі 35 кВ электр тораптары - жалпы ұзындығы 2602,87 км әуелік және кәбілдік желілер;
- 10/0,4 кВ электр жеткізетін бөлу желілері 23 571,75 км.
«АЖК» АҚ теңгерімінде тұр:
- кернеуі 35 кВ және одан жоғары 209 қосалқы станция;
- 6 762 дана кернеуі 6-10/0,4 кВ бөлуші трансформаторлық қосалқы станциялар;
- 6-220 кВ трансформаторлардың жалпы саны - 8 474,, жиынтық қуаты 9 808,2 МВА.
Біздің миссиямыз
Алматы қаласы мен Алматы облысының артып келе жатқан жүктемелерін қамтамасыз ету үшін Қоғамның әрекет аймағында электр желілерінің сенімді жұмыс істеуі мен тиімді дамуын қамтамасыз ету.
Біздің мақсатымыз
Қазақстан Республикасының ЕЭС-нің оңтүстік аймағында жетекші орын алатын электр желілік компания болу.
Біздің құндылықтарымыз:
Қамқорлық
Біз әрқашан көмекке келуге және қолдау көрсетуге дайынбыз.
Біз әріптестерімізбен және серіктестермен сенімді қарым-қатынас жасау үшін ашық әрекет етеміз.
Біз тәлімгерлікке, тәжірибені сақтауға және бөлісуге дайынбыз.
Уәдеге беріктік
Біз үздіксіз және сапалы жұмыс үшін жауап береміз.
Біз болашақ ұрпақ алдында жауап береміз және қоршаған орта мен экологияға ұқыпты қараймыз.
Біз барлық жерде қауіпсіз, жайлы және бәсекеге қабілетті еңбек жағдайларын жасау үшін жауапты боламыз.
Біз қабылданған міндеттемелерге адалмыз.
Адалдық
Кез келген мәселелерді шешуде біз жағдайды объективті бағалаймыз және әділ әрекет етеміз.
Біз тең талаптарды қолданамыз және тең мүмкіндіктер береміз.
Біз басқалардың пікірін бағалаймыз, өз ой-пікірлерін айтуға және оларды естуге мүмкіндік береміз.
Тәжірибе
Біз қойылған міндеттерге адал қараймыз және жұмыстан ләззат аламыз.
Біз өз ісінің кәсіпқойларымыз, өз-өзімізді жетілдіріп отырамыз және нәтижеге қол жеткіземіз.
Тиімділікті арттыру үшін біз әр түрлі көзқарастарды іздейміз және әр түрлі әдістерді қолданамыз.
Біздің қызметкерлер
Біздің негізгі ресурсымыз - адам ресурсы болып табылады.
Компанияда 4000-ға жуық қызметкер жұмыс істейді. Біз олардың әрқайсысын бағалаймыз және олардың кәсіби өсуіне барлық жағдай жасауға тырысамыз.
Компанияның ұжымында жоғары мемлекеттік наградалар мен құрмет грамоталарына ие болған адамдар жұмыс істейді. Мысалы, «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі, Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығының еңбек сіңірген энергетигі, ҚЭҚ-ның еңбек сіңірген энергетигі, ҚЭҚ-ның Ардагері, «KAZENERGY» Қауымдастығының медалі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Құрмет грамоталары, Алматы қаласы әкімінің Құрмет грамоталары және басқалар.
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы КМЖ-нің САЯСАТЫ


