- Автор: Super User
- Категория: Бос қызмет орындарының мұрағаты
- Қаралды: 1093
«Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамы ("АЖК" АҚ) Электр энергиясын талдау және есепке алу тобының инженері (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыста болған уақытында) бос лауазымына қызметкер іздестіруде.
Қойылатын талаптар:
- Жоғары кәсіптік білімі болса, жұмыс тәжірибесіне талап қойылмайды, арнайы орта (техникалық) білімі болса, кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі болуы керек.
Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын;
Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану ережесін (ТПЕ);
Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін (ПТБ);
Өрт қауіпсіздігі ережелерін (ӨҚЕ);
Электр қондырғыларын орнату қағидаларын (ЭҚОЕ);
Электр энергиясын пайдалану қағидаларын (ЭЭПҚ);
Коммуналдық қызмет көрсету қағидаларын (КҚКҚ);
Электр қондырғыларында пайдаланылатын қорғаныс құралдарын қолдану және сынау қағидаларын;
Кернеуі 1000 В-ға дейін және одан жоғары электр желілерін қорғау қағидаларын;
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің және Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жүйесінің басқа да жоғары тұрған органдарының нұсқаулық материалдарын;
Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын;
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау туралы ережені;
Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру және есепке алу жөніндегі Нұсқаулықты;
Энергия жүйелеріндегі электр энергиясын есепке алу жөніндегі Нұсқаулықты;
Энергетикадағы жөндеу-пайдалану мұқтаждарына арналған материалдар шығысының үлгілік нормалары жөндеу қорының қаражатын нормалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды;
Құрылыс нормалары мен ережелерін (ҚНжЕ);
Өнеркәсіптік санитария ережелерін.
Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда түйіндемені 2020 жылдың 12 қарашасына дейін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз.
- Автор: Super User
- Категория: Бос қызмет орындарының мұрағаты
- Қаралды: 1349
Корпоративтік дамыту басқармасының тәуекелдер және ішкі бақылау секторының жетекші маманы лауазымы бойынша уақытша бос орынға:
Жоғары білімі және 1 жылдан кем емес жұмыс өтілі, біріктірілген менеджмент жүйесі саласында теориялық және практикалық дайындығы болуы тиіс.
Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:
- тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды іске асыру жөніндегі жоспарларды, бағдарламаларды, саясатты әзірлеуге және орындауға қатысу;
- тәуекелдерді басқару процесінде "АЖК" АҚ құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылын үйлестіруді жүзеге асыру;
- тәуекелдің күшеюін куәландыратын тәуекелдің пайда болуының ықтимал жағдайларын, нақты немесе әлеуетті, теріс үрдістерді анықтау, тәуекелді тудырған факторларды талдау және болжамды залалдың ауқымын бағалау;
- Қоғамның Тәуекелдерін басқару жүйесінің нормативтік және әдістемелік базасын әзірлеу және жетілдіру;
- тәуекелдер тіркелімін, тәуекелдер картасын және тәуекелдер мен бақылаулар матрицасын дайындау;
- Директорлар кеңесі мен Басқарма әзірлеген және бекіткен саясаттарға, әдістер мен рәсімдерге сәйкес Қоғам тәуекелдерін бағалау, өлшеу және мониторингілеу;
- жалпы қоғамда тәуекелдерді басқару бойынша жиынтық есептерді дайындау;
- ішкі нормативтік құжаттарда белгіленген тәуекелдер бойынша есептілікті дайындау;
- басқарушы қызметкерлердің КПД карталары бойынша материалдар жобаларын әзірлеу және акционердің қарауына және бекітуіне ұсыну;
- Қоғамның басшы қызметкерлері мен жұмыскерлерінің КПД карталарын орындау бойынша жиынтық есептерді дайындау;
- Қоғамның басқарушы қызметкерлерінің және "АЖК" АҚ жұмыскерлерінің КПД карталарын орындауы бойынша материалдар жобаларын Қоғамның акционері мен атқарушы органының қарауына және бекітуіне дайындау;
- стандарттарды БМЖ талаптарына сәйкес сақтау;
- ішкі бақылау басқармасы саласындағы әдістемелік құжаттарды әзірлеу және бизнес-процестердің иелері мен жұмыскерлерге СВК-ны жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, олардың орындалуы жөніндегі есептерді қалыптастыру процесінде әдіснамалық қолдау көрсету;
- СВК саласындағы ішкі құжаттарда көзделген мәселелер бойынша есептер дайындау;
- қызметтің негізгі бағыттары бойынша ішкі регламенттер талаптарының сақталуына тексерулер жүргізу үшін жоспарлар дайындау;
- ішкі бақылау жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау;
- бақылау рәсімдерін жүргізудің бірыңғай қағидаттары мен әдістемелерін әзірлеу және енгізу.
Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда түйіндемені 2020 жылдың 02 қарашасына дейін келесі электронды мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
- Автор: Super User
- Категория: Бос қызмет орындарының мұрағаты
- Қаралды: 1403
Күрделі құрылыс басқармасының сметалық бөлімінің бас маманы
Қойылатын талаптар:
1) жоғары білімі және кемінде 5 жыл еңбек өтілі болуы керек, заманауи оргтехниканы және бағдарламалық өнімдерді пайдалана алуы тиіс;
2) Білуі қажет:
- Сметалық істі, АВС-4РС сметаларын автоматты түрде шығару бағдарламасын, экономика негіздерін, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті бекіткен, Қазақстан Республикасының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді (бұдан әрі - ҚРҚН);
- Әдістемелік және нормативтік материалдарды;
- Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, қызметтік құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібін.
Барлық ниет білдірушілергекөрсетілген талаптарға сай болған жағдайда түйіндемені 2020 жылдың 29 қырқүйегіне дейін электрондық мекенжайға ұсынуды сұраймыз Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
- Автор: Super User
- Категория: Бос қызмет орындарының мұрағаты
- Қаралды: 1069
Перспективалық дамыту басқармасының / жобаларды келісу және сүйемелдеу бөлімінің жетекші маманы
Білімі: жоғары кәсіптік білімі және 1 жыл жұмыс өтілі, электр және тарату тораптары бойынша білім дағдылары болуы керек
Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:
1) жобалауға арналған техникалық тапсырмаларды әзірлеуді және келісуді ұйымдастыру.
2) объектілерді салу және реконструкциялау бойынша жобаны бақылау және жобалық-сметалық құжаттаманы тексеру және қабылдау.
3) сараптаманың оң қорытындысын ала отырып, жұмыс жобаларын сүйемелдеп отыру.
4) объектілерді реконструкциялау, жаңғырту және жаңадан салу жөніндегі тендерлік комиссиялардың жұмысына қатысу.
Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда түйіндемені 2020 жылдың 21 қазанына дейін келесі электронды мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
- Автор: Super User
- Категория: Бос қызмет орындарының мұрағаты
- Қаралды: 991
Телекоммуникация басқармасының Технологиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу қызметінің қаржы жүйелері бөлімі бастығы
Талаптар:
- жоғары кәсіби (техникалық) білім және жұмыс өтілі 5 жыл болуы;
- деректер базасын басқарудың заманауи жүйелерімен жұмыс істеу тәжірибесі болуы
- ақпаратты өңдеу кезінде есептеу техникасын қолдану және бағдарламалау әдістеріне қатысты нормативтік материалдар мәселелеріндегі құзыреттілігі болуы;
- «1С: Кәсіпорын» жұмыс дағдысы;
- бухгалтерлік есепті жүргізу технологиясындағы құзыреттілігі болуы керек.
Білуге тиіс:
- жабдықтың мақсаты, жұмыс режимдері және оны техникалық пайдалану ережелерін;
- ақпаратты автоматты өңдеу технологиясын;
- техникалық құжаттаманы ресімдеу тәртібін; есептеу техникасын бағдарламалау мен пайдаланудың отандық және шетелдік озық тәжірибесін;
- бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуды, баптауды және қолдауды (БҚ);
- заманауи ақпараттық технологияларды, операциялық жүйелерді;
- мәліметтер базасын басқарудың заманауи жүйелерін;
- Алгоритмдеу мен бағдарламалау тілдерінің заманауи әдістерін.
- БҚ әзірленетін және енгізілетін бөлімшелерде ақпаратты автоматты өңдеуді жүргізу технологиясын;
- «1С:Кәсіпорын 8-де әкімшілендіру және конфигурациялауды білуі (мүмкіндігінше "Қазақстан үшін өндірістік кәсіпорынды басқару" конфигурациясын білуі қажет);
- MSSQL Server 2008/2012 білу;
- СОНО АЖ-ны білу;
- Kgd білу (салық төлеушінің кабинеті);
- Бухгалтерлік есепті жүргізу үшін ЭШФ, NCALayer АЖ, криптосокеттер және БҚ білу;
- MS Office туралы білім (әсіресе MS Access);
- ҚР заңнамасына сәйкес бухгалтерлік, салықтық және кадрлық есепке алу, жалақы есептеу негіздерін білу. ұйымдастыру техникасын және бағдарламалық өнімдерді білуі тиіс.
Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда түйіндемені 2020 жылдың 27 қыркүйегіне дейін келесі электронды мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.