«Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамы ("АЖК "АҚ) Офицер комплаенсінің бос лауазымына орналасу үшін қызметкер іздестіруде.

Негізгі талаптар:

1) жоғары заңгерлік немесе экономикалық білімі болуы тиіс;

2) энергетикада маманданған экономиканың нақты секторында және/немесе экономиканың нақты секторында белсенді ірі холдингтік компанияда және/немесе тау-кен өндіру немесе қайта өңдеу өнеркәсібінде және/немесе энергетикада және/ немесе машина жасауда және/немесе көлік-логикалық салада маманданған ірі компанияда инвестицияларды жүзеге асыратын ірі инвестициялық қорда 5 жылдан астам жұмыс тәжірибесі, оның ішінде комплаенс саласында (егер комплаенс функцияларын арнайы комплаенс қызметі болмаған кезде осындай бөлімшелер орындаса, ішкі бақылау, тәуекел-менеджмент, заңдық сүйемелдеу бөлімшелерін қоса алғанда) кемінде 3 жыл;

3) комплаенс және этика мәселелері бойынша ішкі корпоративтік құжаттарды, стандарттарды, саясаттар мен рәсімдерді әзірлеудегі, сондай-ақ комплаенс-рәсімдер шеңберінде бизнес-процестер мониторингі бойынша іс-шаралар жүргізудегі, тергеп-тексерулер жүргізудегі, этика және комплаенс саласында есептілікті қалыптастырудағы, холдинг компанияларында корпоративтік мәдениетті құрудағы тәжірибесі мен дағдылары;

4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, ақшаны жымқыру және терроризмді қаржыландыру мәселелері бойынша комплаенс саласындағы халықаралық практикалар мен стандарттарды, экстра-аумақтық юрисдикциясы бар шет мемлекеттердің халықаралық санкциялары мен санкцияларын қоса алғанда, жақсы білу;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасын өте жақсы білу;

6) Қоғамның бизнес және коммерциялық қызметін жақсы түсіну;

7) өзгерістерді басқару шеңберіндегі мінез-құлық дағдылары: ішкі және сыртқы (ауызша, жазбаша, көрнекі) қарым-қатынастың жоғары деңгейі және тиімді тұлғааралық өзара іс-қимыл, келіссөздер жүргізу дағдылары;

8) мүмкіндігінше бизнес-менеджмент, экономика, қаржы немесе құқықтану саласында магистр немесе PhD дәрежесінің болуы;

9) мүмкіндігінше халықаралық аккредитациясы бар бағдарлама бойынша MBA дәрежесінің немесе басқару (менеджмент) саласында қосымша білімінің болуы;

10) комплаенс саласында сертификаттың болуы қажет;

11) компьютерлік сауаттылық негіздерін еркін меңгеруі, орыс және қазақ тілдерін меңгеруі, ағылшын тілін сөйлесу деңгейінде білуі қажет.

Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда түйіндемені 2021 жылдың 29 сәуірне дейін келесі электронды мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

ТҮЙІНДЕМЕ ҮЛГІСІН ЖҮКТЕУ

«Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамы ("АЖК" АҚ) Күрделі құрылыс басқармасының құрылысқа техникалық бақылау бөлімінің жетекші инженері бос лауазымына қызметкер іздестіруде.

Негізгі талаптар:

1) жоғары кәсіби (техникалық) білімі және жұмыс өтілі энергетика/құрылыс саласында 3 жылдан кем емес;

2) білу керек:

- әдістемелік және нормативтік материалдарды;

- қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, қызметтік құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібін;

- еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын;

- іс жүргізу негіздерін;

- дербес компьютер мен ұйымдастыру техникасын меңгеру;

- ISO9001; ISO14001; OHSAS18001; ISO 50001 халықаралық стандарттарын;

- Электр схемаларын, жұмыс жобаларының сызбаларын оқи алу, энергетика және құрылыс саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманы білу.

Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда түйіндемені 2021 жылдың 25 сәуіріне дейін келесі электронды мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

ТҮЙІНДЕМЕ ҮЛГІСІН ЖҮКТЕУ

«Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамы ("АЖК" АҚ) негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыста болған уақытында Корпоративтік қаржыландыру басқармасының қазынашылық бөлімінің бас маманы бос лауазымына қызметкер іздестіруде.

Негізгі талаптар:

1) болуы керек:

- жоғары (қаржылық, экономикалық) білімі;

- жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.

Функционалдық міндеттері:

1) екінші деңгейдегі банктермен жұмыс;

2) жасалған шарттармен жұмыс;

3) төлеуге берілетін шоттармен жұмыс;

4) жетекшілік ететін қызмет бойынша ұйымдастырушылық және нормативтік құжаттарды әзірлеуге және енгізуге қатысу;

5) дебиторлармен және кредиторлармен жұмыс жөніндегі комитеттің жұмысын ұйымдастыру (комитет хатшысы);

6) жыл сайынғы бюджеттің ажырамас бөлігі болып табылатын "АЖК" АҚ кассалық бюджетін қалыптастыру, сондай-ақ оның кіріс және шығыс бөліктерінің орындалуын бақылау және мониторингілеу;

7) ай сайынғы және тоқсан сайынғы негізде кассалық бюджет шеңберінде ақша ағындарының болжамын жасау және оларды тиісті ағымдағы түзету;

8) бөлім басшысының тапсырмасы бойынша құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;

9) халықаралық стандарттарға сәйкес келетін біріктірілген менеджмент жүйесінің (БМЖ) талаптарын орындау;

10) "Басқарма" басшылығының тапсырмаларын орындау;

11) "Мемлекеттік кредиттік бюро" АҚ мемлекеттің қатысуымен кредиттік бюроға кредиттік тарих бойынша (мерзімі өткен дебиторлық берешек туралы) ақпаратты  жасау және ұсыну.

Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда 2021 жылдың 12 сәуіріне дейін 307-кабинет АРБ-ға белгіленген үлгідегі түйіндемені ұсынуларын сұраймыз.

ТҮЙІНДЕМЕ ҮЛГІСІН ЖҮКТЕУ

«Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамы («АЖК» АҚ) Экономика басқармасының тариф жасау бөлімінің бас маманы бос лауазымына қызметкер іздестіруде.

1) Болуы керек:

- жоғары (қаржылық, экономикалық) білімі;

- еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.

.Функционалдық міндеттері:

1) тариф жасау саласындағы менеджмент жүйесін енгізу және жетілдіру жөніндегі іс-шараларды іске асыру бойынша жоспарларды, бағдарламаларды орындауға қатысу;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына тариф жасау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау;

3) есептеулерді, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің тарифтер мен тарифтік сметалардың шекті деңгейінің жобаларына негіз болатын құжаттарды тексеру;

4) бекітілген тарифтік сметаны орындау бойынша есептерді жасау және уәкілетті органға жіберу;

5) НҚА-да көзделген есептерді жасау және уәкілетті органға жіберу;

6) «АЖК» АҚ-ның реттелетін және реттелмейтін қызмет түрлері бойынша кірістердің, шығыстардың және қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу;

7) тарифтер мен тарифтік сметалардың шекті деңгейін бекіту (түзету) шеңберінде уәкілетті органда келісу үшін ақпарат жіберген кезде есептер жүргізу, материалдар қалыптастыру;

8) тарифтер мен тарифтік сметалардың шекті деңгейін бекіту кезінде Қоғамның жыл сайынғы есебінің жария тыңдамаларын  және жария тыңдаулар үшін материалдар дайындау;

9) бөлімнің құзыреті шегінде құрылымдық бөлімшелердің, жоғары тұрған ұйымдардың, мемлекеттік органдардың хаттары, өтініштері, сұрау салулары бойынша түсіндірулерді, есептерді және басқа да қажетті ақпаратты қарау және дайындау;

10) тариф жасау саласында қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар беру;

11) бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлім бастығының, экономика басқармасы бастығының және оның орынбасарының басқа да тапсырмаларын орындау.

Барлық қызметкерлерге көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда 2021 жылдың 23 сәуіріне дейін 307 кабинетке АРБ-ға белгіленген үлгідегі түйіндемені ұсынуды сұраймыз.

ТҮЙІНДЕМЕ ҮЛГІСІН ЖҮКТЕУ

«Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамы ("АЖК" АҚ) негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыста болған уақытында Жедел-диспетчерлік басқарманың режимдер қызметі электр режимдері бөлімінің электр режимдері жөніндегі бас маманы бос лауазым орнына қызметкер іздестіруде.

Негізгі талаптар:

1) Болуы керек:

жоғары кәсіби білімі және жұмыс өтілі 3 жыл, есептеу техникасында ақпаратты өңдеу әдістерін білуі, электр қауіпсіздігі бойынша 2-ден (екінші) төмен емес біліктілік тобы.

Функционалдық міндеттері:

1) графикалық құжаттарды әзірлейді, жасайды және орындайды ("АЖК" АҚ желісінің және оның бөлімшелерінің негізгі схемасы, "АЖК" АҚ 35/110/220 кВ электр желілері үшін станциялар мен қосалқы станцияларды қосу схемалары, топографиялық байланыстыруды ескере отырып, электр желілерінің карта-схемалары).

2) "АНАРЭС-2000"бағдарламасында жұмыс істеу үшін деректер базалары мен схемаларын қалыптастырады.

3) "АЖК" АҚ және Алматы энергожүйесі қосалқы станцияларының схемаларын түзету және нақтылау мәселелері бойынша "АЖК" АҚ, ААДО, ЖО ҰДО, "КЕGOС" АҚ құрылымдық бөлімшелерімен хат алмасулар жүргізеді.

4) Белгіленген режимдерді есептеу үшін "АЖК" АҚ 35/110/220кВ электр желілерін ауыстыру схемасын жасайды.

5) "АЖК" АҚ 35/110/220 кВ желі параметрлерін дайындайды және есептейді.

6) "АЖК" АҚ мен оның бөлімшелерінің негізгі тораптарының схемасы үшін станциялар мен қосалқы станцияларды қосу схемаларын әзірлейді және орындайды.

7) "АЖК"АҚ объектілерінің қалыпты бір желілік схемасын әзірлейді.

8) Топографиялық байланыстыруды ескере отырып, "АЖК" АҚ мен тұтас Алматы энергия жүйесінің 35 кВ және одан жоғары электр желілерінің карта-схемасын әзірлейді.

9) "АлЭС" АҚ станцияларының және "АЖК" АҚ қосалқы станцияларының күштік трансформаторларының жүктелуі бойынша бақылаулық жүйелі өлшемдерінің нәтижелерін өңдейді. Кернеу кластары бойынша күштік трансформаторларды жүктеу кестесін жасайды.

Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда, 2021 жылдың 08 сәуіріне дейін белгіленген үлгідегі түйіндемені 307 кабинеттегі АРБ-ға ұсынуларын сұраймыз.

ТҮЙІНДЕМЕ ҮЛГІСІН ЖҮКТЕУ