- Автор: Super User
- Категория: Бос қызмет орындарының мұрағаты
- Қаралды: 913
«Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамы («АЖК» АҚ) Техникалық шарттар басқармасының техникалық ұсынымдар мониторингі және тұтынушыларды қосу жетекші инженері бос лауазымына орналасуға жұмыскер іздестіруде (негізгі жұмыскердің бала күтімі бойынша демалыста болған уақытына).
Талаптар:
- жоғары кәсіптік (техникалық) білімі және электр энергетикасында 1 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі болуы керек.
Білуі тиіс:
- ҚР Өрт қауіпсіздігі ережелерін;
- Электр энергиясын пайдалану қағидаларының ТПЕ, ЭҚОЕ, ҚТЕ тиісті бөлімдерін;
- ИСО 9001, ИСО 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарын;
- Электрмен жабдықтау тораптарына қосу саласындағы НҚА талаптарын.
- Техникалық құжаттамамен, электрмен жабдықтаудың бір желілік схемаларымен жұмыс істей білуі керек.
Барлық ниет білдірушілерге көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда 2021 жылғы 25 ақпанға дейін түйіндемені келесі электронды мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
- Автор: Super User
- Категория: Бос қызмет орындарының мұрағаты
- Қаралды: 1239
«Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамы («АЖК» АҚ) Облыстық электр тораптары басқармасының Іле ЭТА электр энергиясын талдау және есепке алу тобының инженері бос лауазымына қызметкер іздейді.
Қойылатын талаптар:
- жоғары кәсіптік білімі болса, жұмыс өтіліне талап қойылмайды, орта арнайы (техникалық) білімі болса, жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы, электр қауіпсіздігі бойынша тобы кемінде - 3, ЕА және өлшеу аспаптарының схемаларымен жұмыс істеу дағдысы болуы тиіс.
Білуге тиіс:
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын;
- ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің директивтік материалдарын;
- Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану ережелерін (ТПЕ);
- Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін (ҚТЕ);
- Өрт қауіпсіздігі ережелерін (ӨҚЕ);
- Электр қондырғыларын орнату ережелерін (ЭҚОЕ);
- Электр энергиясын пайдалану қағидаларын (ЭЭПҚ);
- Коммуналдық қызмет көрсету қағидаларын (КҚКҚ);
- Электр қондырғыларында қолданылатын қорғаныс құралдарын қолдану және сынау ережелерін;
- Кернеуі 1000 В-ға дейінгі және одан жоғары электр желілерін қорғау ережесін;
- Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің және Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жүйесінің басқа да жоғары тұрған органдарының нұсқаулық материалдарын;
- Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын.
Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда түйіндемені 2021 жылдың 24 ақпанына дейін келесі электронды мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
- Автор: Super User
- Категория: Бос қызмет орындарының мұрағаты
- Қаралды: 1016
Перспективалық дамыту басқармасының инвестициялар бөлімінің жетекші маманы бос лауазымға орналасуға, жоқ қызметкерді (бала күтімі бойынша демалыста жүрген) алмастыруға АРБ конкурс жариялайды.
Талаптар:
1) жоғары кәсіби білімі және жұмыс өтілі 1 жыл, жұмыс қабілеттілігі, жоғары жұмыс жылдамдығы, нәтижеге қол жеткізу жауапкершілігі болуы тиіс.
Функционалдық міндеттері:
1) бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін, бизнес-жоспарларды, қаржы-экономикалық модельдерді әзірлеуге қатысады;
2) инвестициялық бағдарламаның жобасын жасау кезінде құрылымдық бөлімшелерден материалдарды негіздейтін ақпарат жинауды жүзеге асырады;
3) қаржы институтының немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғаның экономикалық сараптаманы жүзеге асыруға экономикалық сараптама жүргізу кезеңінде ақпарат жинауды және ұсынуды жүзеге асырады;
4) қаржыландыру мақұлданғаннан кейін талаптарға сәйкес барлық қажетті рәсімдерден өтуге қатысады;
5) "АЖК" АҚ инвестициялық қызметіне қатысты шарттардың, конкурстық құжаттаманың, сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізуге өтінімдердің, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу паспорттарының жобаларын олардың бекітілген Инвестициялық бюджетке сәйкестігі тұрғысынан қарайды және келіседі;
6) "МСЖ" және "Бюджет" деректер базасы бойынша инвестициялық бюджетті бақылау мен талдауды орындайды;
7) "АЖК" АҚ-ның «Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық жоспарына толықтырулар және/немесе өзгерістер енгізу туралы» бұйрықтары негізінде "МСЖ" деректер базасына өзгерістер енгізеді;
8) инвестициялық бағдарламалар іс-шараларының орындалуына қатысты ақпаратты енгізе отырып, ақпараттық базаны жүргізуді жүзеге асырады;
9) "АЖК" АҚ теңгеріміне өтеусіз қабылданатын НҚ-ны қабылдаудың экономикалық орындылығына талдау жүргізеді;
10) "АЖК" АҚ жобаларының меншікті қаражаты есебінен қаржыландыру көздерін айқындау үшін амортизациялық аударымдардың есебін жүргізеді;
11) "Самұрық-Энерго" АҚ мен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының инвестициялық жобаларын бағалау, іске асыру және мониторингілеу регламентіне сәйкес, сондай-ақ "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ инвестициялық саясатына сәйкес инвестициялық меморандумды әзірлеуге қатысады;
12) ИБ құзыреті шегінде құрылымдық бөлімшелердің, жоғары тұрған ұйымдардың, мемлекеттік органдардың хаттары, өтініштері, сұрау салулары бойынша түсіндірулерді, есептерді және өзге де қажетті ақпаратты қарайды және дайындайды;
13) инвестициялар басқармасының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша "АЖК" АҚ ішкі қызметін реттейтін қағидаларды, ережелерді, рәсімдерді және басқа құжаттарды әзірлеуге қатысады;
14) инвестициялардың тиімділігін есептеудің қолданыстағы әдістемелерін қолдану тиімділігіне талдау жүргізеді, сондай-ақ оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
15) ИБ ісқағаздарын жүргізуді жүзеге асырады;
16) біріктірілген менеджмент жүйесі (бұдан әрі – БМЖ) стандарттарының шеңберінде "АЖК" АҚ Саясатын, мақсаттарын, жоспарларын, бағдарламаларын іске асыруға қатысады;
17) "АЖК" АҚ құжаттама талаптарын орындайды, "АЖК"АҚ сапа менеджменті жүйесі, экология, кәсіби қауіпсіздік және денсаулық сақтау саласындағы БМЖ-ны басшылықа алады.
18) ИБ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ИБ бастығының, перспективалық дамыту басқармасы бастығының басқа да тапсырмаларын орындайды.
19) БМЖ талаптары бар стандарттарды сақтайды.
Барлық ниет білдірушілер, көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда, белгіленген үлгідегі түйіндемені толтырып, 16.02.2021 ж. дейін 307-каб. АРБ-ға әкелуді сұраймыз.
Туындаған сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 3750398 3754
Құрметпен,
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ АРБ бас маманы
Тоқтарова Найля Жақсыбекқызы
Тел. 376-18-76 (ішкі тел.38-76)
- Автор: Super User
- Категория: Бос қызмет орындарының мұрағаты
- Қаралды: 1179
Қарасай ЭТА Жедел-диспетчерлік тобының режимдер жөніндегі инженері бос лауазымына орналасуға АРБ конкурс жариялайды.
Қойылатын талаптар:
жоғары кәсіптік білімі болса, еңбек өтілі талап етілмейді немесе орта арнайы (техникалық) білімі болса, еңбек өтілі кемінде 2 жыл және электр қауіпсіздігі бойынша кемінде біліктілік тобы – 5 болуы, пайдаланушы деңгейінде компьютерде жұмыс істеу дағдылары болуы тиіс.
Функционалдық міндеттері:
1) 0,4-10кВ желі режимін есептеу, жоспарлау, бақылау және оңтайландыру;
2) 0,4-10кВ желінің қалыпты режимінің схемасын талдау және оңтайландыру. Электр желілерінің режимдерін модельдеу, бөлетін оңтайлы ток нүктелерін тексеру, 10кВ шиналарынан шығарылатын электр энергиясының сапасын қамтамасыз ететін қуат орталықтарындағы кернеу деңгейлерін таңдау.
3) Желінің және 110/35/10кВ қосалқы станциялардың жөндеу режимінің схемаларын талдау және түзету.
4)10кВ желісі жұмысының авариялық режимдерінен кейінгі есепті жүргізу.
5) Диспетчерлердің 10кВ желінің қалыпты, жөндеу, авариялық және авариядан кейінгі режимдегі жұмыс режимін жүргізуін бақылау.
6) 35-110 кВ қосалқы станцияларда орнатылған РҚА құрылғыларын талдау. Оларды қайта жаңартуға техникалық тапсырмалар дайындау.
7) Күштемелі трансформаторларда ауыстырып-қосқыш құрылғылардың (РПН.ПБВ) жағдайын есепке алуды жүргізу және трансформацияның оңтайлы коэффициенттерін таңдау. ҚС шиналарындағы кернеу деңгейлерінің кестесін жасау.
8) Аралас кәсіпорындармен электр желілері қызметтерінен жабдықтарды жөндеуге шығаруға өтінімдерді қабылдау.
9) Жабдықты жөндеуге шығаруға арналған өтінімдерді қарау, жөндеу схемаларын орындау және оларды іске асыру бойынша режимдік пысықтауды және диспетчерге нұсқауларды ресімдеу.
10) Жөндеуге шығарылған жабдық мерзімін ұзартуға арналған өтінімдерді беру регламентін бақылау.
11) Белгіленген директивалық құжаттарға сәйкес жабдықты жөндеуге шығаруға өтінімдерді ресімдеу. Регламентке сәйкес қарамағындағы Жабдықты жөндеуге шығаруға өтінімдерді беру және олардың өтуін бақылау.
12) Өтінімдерге жауаптарды барлық мүдделі бөлімшелерге, объектілерге және аралас кәсіпорындарға беру.
13) Іске асырылған өтінімдерді мұрағаттауды бақылау.
14) Энергия объектілерінің, РҚА желілері мен құрылғыларының жаңаларын іске қосуға және қолданыстағыларын реконструкциялауға арналған техникалық шарттарды қарау.
15) Жабдықтың автоматты ажыратылуын талдау. Жабдық жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тексеру жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу. Тергеу нәтижелері бойынша аварияға қарсы режимдік іс-шараларды әзірлеу.
16) ЖДҚ персоналына арналған аварияға қарсы жаттығулардың режимдік бөлігін әзірлеу.
17) Жаңа жабдықты қосуға арналған бағдарламаларды әзірлеу.
18) Жабдықты жөндеуден кейін қосуға, сынақтар жүргізуге арналған бағдарламалар әзірлеу.
19) ҚС және ӘЖ жабдықтарын ажыратудың ай сайынғы жоспарларын әзірлеу.
20) Бақылау өлшемдері бойынша деректерді өңдеу және беру.
21) ЖБА-ның берілген көлемдерін орындау, ҚС-да ЖБА құрылғыларын орналастыру бойынша ұсыныстар беру.
22) Бақылау өлшемдерінің, режимдік тәуліктердің деректерін жинауды және өңдеуді ұйымдастыру.
23) 0,4-10кВ желісіндегі "тар" орындарды талдау және оларды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеу.
24) Директивалық құжаттардың өтуін бақылау, орындау туралы есептерді уақытылы ұсыну.
25) Орындалатын міндеттерге сәйкес ЭТА ЖДТ жұмысына көмек көрсету.
26) ҚС-да 10кВ-ӘЖ мен жабдықтарды жөндеуге шығару журналын жүргізу.
27) Блінген тораптарда э/э түсу теңгерімін бақылау.
28) Ең жоғары жүктемелер журналының жүргізілуін бақылау.
29) ЖДҚ персоналының жұмысқа шығу табелін жүргізу.
30) Кіріс және шығыс құжаттардың, бұйрықтардың, нұсқаулардың және т. б. есебін жүргізу.
Барлық ниет білдірушілер, көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда, белгіленген үлгідегі түйіндемені толтырып, 17.02.2021 ж. дейін 307-каб. АРБ-ға әкелуді сұраймыз.
Туындаған сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 3750398 3754
Құрметпен,
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ АРБ бас маманы
Токтарова Найля Жаксыбеккызы
Тел.376-18-76 (вн.38-76)
- Автор: Super User
- Категория: Бос қызмет орындарының мұрағаты
- Қаралды: 1137
Облыстық электр тораптары басқармасы/Іле ЭТА/Өндірістік-техникалық топтың басшысы бос лауазымға орналасуға АРБ конкурс жариялайды.
Қойылатын талаптар:
жоғары білімі және жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе орта кәсіптік (техникалық) білімі және жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. Электр тораптарының электр жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру бойынша жұмыс дағдысы болуы тиіс. Функционалдық міндеттері:
1) Іле ЭТА тораптық учаскелерінің электр жабдықтарында жөндеу-пайдалану жұмыстарының жоспар-кестелерінің жобаларын жасауға жауап береді, олардың орындалуын бақылайды;
2) Электр тораптық учаскелердің шеберлерімен бірлесіп, жөндеуге жоспарланған жабдықты тексеру бойынша жұмыстарды жүргізеді, жабдықтың ақаулық актілерінің жасалуын және жөндеу жүргізуге қажетті материалдардың көлемін бақылайды.
3) Электр техникалық жабдықтар бойынша өкімдер, нұсқаулар және басқа өкімдік құжаттама жобаларының жасалуын бақылайды;
4) тұтыну электр қондырғыларын электрмен жабдықтауға арналған техникалық шарттар мен ұсынымдардың жобаларын жасайды;
5) Іле ЭТА құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен техникалық құжаттаманың көлемі және жүргізу қағидалары және персоналмен жұмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша консультациялар жүргізеді;
6) электр тораптары мен қосалқы станциялар жұмысының сенімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге жауап береді;
7) жабдықтың авариялық ажыратылуын тексеру кезінде комиссияға қатысады;
8) шаруашылық және мердігерлік тәсілмен жүргізілген жөндеулерден жабдықты, сондай-ақ пайдалануға берілетін жаңа жабдықты қабылдау кезінде комиссияға қатысады;
9) өзінің көлігіне, жеке және шаруашылық мұқтаждарына жұмсалатын электр энергиясының шығынын азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
10) "Энергетикалық өндіріс кәсіпорындары мен мекемелерінде персоналмен жұмысты ұйымдастыру қағидаларына" сәйкес персоналмен жұмыс істеу іс-шараларын, жоспарларын, кестелерін әзірлейді;
11) еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады;
12) өндірістік үй-жайлардың, жабдықтардың және ІЭТА-ның басқа да объектілерінің өрт қауіпсіздігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
13) экологиялық менеджмент жүйесі бойынша ISO 14001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келетін БМЖ бойынша құжаттаманы жүргізуге жауапты болып табылады.
Барлық ниет білдірушілер, көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда, белгіленген үлгідегі түйіндемені толтырып, 17.02.2021 ж.дейін 307-каб. АРБ-ға әкелуді сұраймыз.
Туындаған сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 376-18-76, ішкі тел. 38-76
Құрметпен,
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ
АРБ бас маманы
Тоқтарова Найля Жақсыбекқызы
Тел. 376-18-76 (вн.38-76)