- Автор: Super User
- Категория: Бос қызмет орындарының мұрағаты
- Қаралды: 928
АРБ бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: Метрология басқармасының Метрология бөлімі сараптамалық салыстырып-тексеру тобының жетекші инженері (жұмыскердің бала күтімі бойынша демалыста болған кезінде оны алмастыру уақытына).
Талаптар:
жоғары кәсіби (энергетикалық, техникалық) білімі және 1 жылдан кем емес еңбек өтілі немесе орта-арнайы (энергетикалық, техникалық) білімі және 3 жылдан кем емес еңбек өтілі, электр қауіпсіздігі бойынша III тобы, ҚР өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген электр шамаларын өлшеу құралдарын салыстырып тексерушінің сертификаты.
Функционалдық міндеттері:
1) менеджмент жүйесін енгізу және жетілдіру бойынша іс-шараларды іске асыру жоспарларын, бағдарламаларын орындауға қатысады.
2) технологиялық жабдықтың белгіленген дәлдік нормаларына сәйкестігін тексеру кезінде әр түрлі өлшеулерді, технологиялық процестер барысында арнайы өлшеулерді, сондай-ақ жаңа өлшеу құралдары мен әдістерін енгізудің экономикалық тиімділігінің есептерін ұйымдастырады және орындайды.
3) жаңа өлшеу техникасын енгізу бойынша жобалар мен жоспарлы тапсырмаларды, өндіріс тиімділігін арттыру, метрологиялық қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды, өлшеу, бақылау және сынау құралдары мен әдістерін дайындауға қатысады.
4) кәсіпорынның жаңа өлшем құралдарына мұқтаждығын айқындау жөніндегі жұмысқа қатысады.
5) кәсіпорында әзірленетін, сондай-ақ басқа кәсіпорындар мен ұйымдардан келіп түсетін Техникалық құжаттамаға метрологиялық сараптама жүргізу жөніндегі жұмысқа қатысады.
6) заманауи әдістер мен өлшеу құралдарын енгізуге қатысады, сондай-ақ өлшеу қателіктерін бағалау бойынша жұмыс жүргізеді.
7) кәсіпорын бөлімшелерінің өлшем құралдарына қажеттілігін есептеуді жүзеге асырады, оларды сатып алуға өтінімдер жасауға қатысады.
8) мемлекеттік және салалық стандарттарды, кәсіпорын стандарттарын және өлшеу дәлдігінің нормаларын, тексеру әдістері мен құралдарын регламенттейтін басқа да нормативтік-техникалық құжаттаманы енгізуге жәрдемдеседі.
9) өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың кестелері мен жоспарларын және оны мемлекеттік метрологиялық қызмет органдарына ұсыну үшін белгіленген есептілікті жасау жөніндегі жұмысқа қатысады.
10) электр энергиясы мен қуатын өлшеу техникасының деңгейін арттыру және дамыту жөніндегі озық тәжірибені зерделейді және жинақтайды.
11) тұтынушылардағы есепке алу аспаптарына техникалық сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындайды және тексеру туралы қорытындыны ресімдейді.
12) тұтынушылардағы есепке алу аспаптарына байланысты даулы жағдайларға қатысады.
13) бөлім қызметінің мәселелері бойынша "АЖК" АҚ өндірістік қызметі туралы жылдық есептің бөлімдерін қалыптастыруға қатысады.
14) бөлімнің еңбек жағдайын жақсарту бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады.
Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда белгіленген үлгідегі түйіндемені толтырып, 02.06.2021 ж. дейін №307 кабинеттегі АРБ-ға әкелулеріңізді сұраймыз.
Туындаған сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 3761876, 3876
АРБ ПЖБ жетекші маманы Мухпулова А.М.
- Автор: Super User
- Категория: Бос қызмет орындарының мұрағаты
- Қаралды: 1183

- Қаралды: 1082
АРБ Басқарушы персоналды қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Қойылатын талаптар:
1.Жоғары қаржы-экономикалық немесе заңгерлік білімі болуы тиіс;
2.Басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
Функционалдық міндеттері:
Қоғам қызметінің төменде көрсетілген бағыттары бойынша жұмыстардың, құжат айналымы мен есептіліктің сапасы мен уақтылығына бақылауды жүзеге асырады, басқарады:
- заңнамамен, Қоғамның басқару органдарының жарғысымен және шешімдерімен белгіленген тәртіпте Қоғамның қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
- жетекшілік ететін бөлімшелерде еңбекті қорғау және өртке қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылау жөніндегі ережелердің, нормалар мен нұсқаулықтардың талаптарын сақтау бойынша жұмысқа ұйымдастырушылық-техникалық басшылық жасау;
- Қоғамды материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
- Қоғам сатып алатын тауарлар мен қызметтердің оңтайлы құнын анықтау мақсатында, Қоғамда бірыңғай маркетингтік саясатты әзірлеу және жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыру;
- жобалау институттарымен, мердігерлік ұйымдармен, тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді жеткізушілермен, мемлекеттік ұйымдармен және кәсіпорындармен лауазымдық өкілеттілік шегінде өзара қарым-қатынаста Қоғам мүдделерін білдіру;
- толық материалдық жауапкершілігі бар қызметкерлердің лауазымдарын және ТМҚ алуға құқығы бар қызметкерлердің лауазымдарын айқындау;
- көрсетілген қызметтердің ТМҚ-сын қабылдау жөніндегі комиссияларды құру;
- "АЖК" АҚ СД-мен бекітілген мақсатты мәндері бар КПД картасына сәйкес КПД көрсеткіштері үшін дербес жауапты болады.
Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда белгіленген үлгідегі түйіндемені толтырып, 22.05.2021 ж. дейін №307 каб. АРБ-ға берулеріңізді сұраймыз.
Туындаған сұрақтар бойынша 376-18-76, ішкі тел. 38-76 нөмірлеріне қоңырау соғуға болады.
- Автор: Super User
- Категория: Бос қызмет орындарының мұрағаты
- Қаралды: 824
АРБ бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: Жоқ қызметкерді алмастыру (бала күтімі бойынша демалыста) үшін, Телекоммуникация басқармасының ЭКЕАЖ пайдалану қызметінің электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалану қызметінің жетекші инженері.
Талаптар:
жоғары кәсіптік білімі және жұмыс өтілі 1 жыл, Электр қауіпсіздігі бойынша біліктілігі үшінші топтан төмен емес және ҚТЕ, ӨҚЕ, ТПЕ және өндірістік нұсқаулықтар бойынша емтихан тапсырған болуы керек
Функционалдық міндеттері:
1) Жаңа техникалық құралдарды енгізуді меңгеру, есепке алу жүйелерін пайдалану сипаттамаларын жақсарту мақсатында, оларды жаңғырту мәселелерін шешу.
2) ҚТЕ, ТПЕ талаптарына, қолданыстағы нұсқаулықтарға және басқа да материалдарға сәйкес ЭКЕАЖ жабдықтарының сенімді және үнемді жұмысы бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысу;
3) жүйенің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және жұмыс процесінде туындайтын бұзушылықтарды жою бойынша жедел шаралар қабылдау;
4) профилактикалық және жөндеу жұмыстарының кестелерін орындауды жүзеге асыру.
5) есепке алу жүйелерінің техникалық құралдарын әзірлеушілермен бірге оларды пайдалану процесінде туындайтын мәселелерді шешу.
6) техникалық құралдарды тестілеу үшін стендтер әзірлеуге қатысу.
7) ЭКЕАЖ жабдықтары мен жаңа есепке алу нүктелерін енгізу жобаларын қарастыру және олар бойынша ескертулер беру.
8) ЭКЕАЖ-да ВТ құралдарын дамыту және жаңғырту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу.
9) ЭКЕАЖ СЭ жаңа жабдықтарын, аппаратураны және құрылғыларды сатып алуға өтінімдерді ресімдеуге көмек көрсету.
10) өндірістік тәртіпті сақтау және барлық ережелерді, техникалық нұсқаулықтарды, ТПЕ, ӨҚЕ, ҚТЕ талаптарын орындау.
11) "АЖК" АҚ біріктірілген менеджмент жүйесіне сәйкес ЭКЕАЖ СЭ құжаттамасын жүргізу.
12) "АЖК" АҚ ЭКЕАЖ бағдарламалық қамтамасыз етуінде түсетін деректерді қарау және талдау.
Барлық ниет білдірушілер, көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда, белгіленген үлгідегі түйіндемені толтырып, 31.05.2021 ж. дейін № 307 кабинеттегі АРБ-ға әкеп беруді сұраймыз..
Туындаған сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 3750398 3754
- Автор: Super User
- Категория: Бос қызмет орындарының мұрағаты
- Қаралды: 810
«Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамы Перспективалық дамыту басқармасының инвестициялар бөлімінің жетекші маманы бос лауазымына орналасуға қызметкер іздестіруде.
Талап:
- жоғары кәсіби білімі және энергетика саласында 1 жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.
- білуі керек:
- "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі №272-I Заңын;
- "Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оны түзету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №394 қаулысын;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы №541 Қаулысымен бекітілген, «Иинвестициялық ұсынысты әзірлеу және түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын»;
- 2013 жылғы 13 наурыздағы №73 Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің бұйрығымен бекітілген "Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын".
Барлық ниет білдірушілерге көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда түйіндемені 2021 жылғы 18 мамырға дейін мына электронды мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.