АРБ бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: Талдау және сатып алуды жоспарлау бөлімінің жетекші маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыста болған уақытына)

Талаптары:

1)жоғары кәсіби білімі (экономикалық немесе заң) және жұмыс өтілі кемінде 1 жыл болуы тиіс, сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мәселелерінде қажетті қосымша теориялық және / немесе практикалық даярлық білімі;

2)   сатып алу туралы заңнаманы білу, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бағдарлай білу және дұрыс қолдана білу, өкімдік құжаттар мен хаттамалық шешімдерді дайындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік және орыс тілдерін білу және бөлімшеде жүгінген кезде ауызекі сөйлеуді меңгеру. Компьютерде жұмыс істеу дағдылары болуы керек.

Функционалдық міндеттері:

1) «АЖК» АҚ бөлімшелерінің тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға бастамашы болған келіп түскен құжаттарды белгіленген нысанда тексереді;

2) тендерге бастамашы-құрылымдық бөлімше ұсынған деректердің сәйкессіздігі анықталған немесе сатып алу рәсімін ұйымдастыру үшін қажетті құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаған жағдайда анықталған кемшіліктер туралы басшылыққа баяндайды;

3) БМЖ талаптарына сәйкес құжаттаманы жасайды және әзірлейді;

4) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу мониторингін жүзеге асырады;

5) БМЖ бойынша құжаттаманы басқаруға және басқарудағы тәуекелдер бойынша басқаруға жауапты болады;

6) басқарманың ережелері мен лауазымдық нұсқаулықтарын жүргізеді және пысықтайды, оларға өзгерістер енгізеді;

7) Сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша Стандарттармен және нормативтік-құқықтық актілермен регламенттелетін мерзімдерді сақтайды;

8) сатып алу рәсімдеріне қатысты барлық ұсынылған құжаттардың сақталуына дербес жауапты болады.

9) өткізілген сатып алу рәсімдері бойынша құжаттар мен материалдарды ресімдейді, бекітілген номенклатураға және іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес Басқарманың ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттамасының мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етеді;

10) іс қағаздарын жүргізеді, оның ішінде 8.2 нұсқасы 1С бағдарламасында жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу және қалыптастыру бойынша функцияларды жүргізеді.

Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда белгіленген үлгідегі түйіндемені толтырып, 24.06.2021ж. дейін АРБ-ға №307 каб. берулерінізді сұраймыз.

Туындаған сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 3761876, 3876. Альмира

ТҮЙІНДЕМЕ ҮЛГІСІН ЖҮКТЕУ

АРБ бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: Өндірістік-техникалық басқарманың Өндірістік-техникалық қызметінің жетекші инженері (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыста болған уақытына)

Талаптары:

  • жоғары кәсіби білімі (энергетикалық) және жұмыс өтілі кемінде 1 жыл болуы тиіс, электр қауіпсіздігі бойынша III топтың болуы, компьютерде жұмыс істей білу және Microsoft Word, Microsoft Excel, Microsoft Office Outlook бағдарламаларын пайдалана білу;

Функционалдық міндеттері

1) 02.06. «көмекші материалдар» баптары бойынша «АЖК» АҚ бюджетін қалыптастыру;

2) бюджетті және тарифтерді қалыптастыру және қорғау үшін материалдарды дайындау бойынша жұмыстарды жүргізу.

3) бюджетті түзету жөніндегі жұмыстар.

4) ай сайынғы есептерді жасау

5) 02.06 бабы бойынша сатып алынатын қызметтерге техникалық ерекшеліктерді дайындау.

6) 1С бухгалтерия бағдарламасынан ақпаратты түсіру.

7) электр монтерлар арасында байқау-конкурс ұйымдастыру және өткізу.

8) «АЖК»АҚ электр монтерлері мен электр слесарлары арасында байқау-конкурс өткізу үшін техникалық құжаттаманы дайындау.

9) бөгде заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне жауаптар дайындау

Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда белгіленген үлгідегі түйіндемені толтырып, 22.06.2021ж. дейін АРБ-ға №307 каб. берулерінізді сұраймыз.

Туындаған сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 3761876, 3876. Альмира

ТҮЙІНДЕМЕ ҮЛГІСІН ЖҮКТЕУ

АРБ Күрделі құрылыс басқармасының смета бөлімінің бас маманы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды (бала күтіміне байланысты еңбек демлысы уақытына)

Талаптары:

Жоғары техникалық/энергетикалық (инженер, бакалавр) білім.

АВС/Сметалық іс бағдарламасына оқыту сертификаты. Энергетикадағы жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл. Сметалық, жобалау және/немесе өзге де техникалық құжаттаманы әзірлеу тәжірибесі. Сметалық істің нормативтік-әдістемелік базасын білу. Сызбаларды оқи білу. ДК білу (офистік және мамандандырылған бағдарламалар: АВС, AutoCad және т. б.)

Функционалдық міндеттері:

1) менеджмент жүйесін енгізу және жетілдіру бойынша іс-шараларды іске асыру бойынша жоспарларды, бағдарламаларды орындауға қатысады;

2) Тәуелсіз немесе мемлекеттік сараптамаға ұсынылғанға дейін жобалау ұйымдары әзірлеген энергетикалық құрылыс объектілерін салуға, қайта құруға және жаңғыртуға арналған сметалық құжаттаманы тексеруді жүзеге асырады;

3) құрылыс барысында жүргізу қажеттілігі туындайтын жұмыстардың қосымша көлемдеріне сметалық құжаттаманы тексеруді жүзеге асырады;

4) Техникалық кеңестердің хаттамаларын, бұйрықтар мен өкімдерді дайындайды;

5) жоғары тұрған басшылықтың тапсырмасы бойынша хат алмасуды жүргізеді;

6) бекітілген сметалық құжаттамаға сәйкестігін растау бөлігінде Ф-2В нысаны бойынша орындалған жұмыстар актілерін, КС-3 нысаны бойынша орындалған жұмыстар құнының анықтамаларын тексеруді жүзеге асырады және бұрыштама қояды;

7) өзінің тікелей бастығының жекелеген қызметтік тапсырмаларын орындайды.

Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда белгіленген үлгідегі түйіндемені толтырып, 10.06.2021ж. дейін АРБ-ға №307 каб. берулерінізді сұраймыз.

Туындаған сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 3761876, 3876.

ТҮЙІНДЕМЕ ҮЛГІСІН ЖҮКТЕУ

АРБ материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының баға маркетингі бөлімінің бастығы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Талаптары:

1) жоғары экономикалық және/немесе техникалық білімі, жұмыс өтілі 5 жыл, энергетикалық компаниялардағы сатып алу саласындағы жұмыстарды жоспарлау дағдылары, «АЖК» АҚ маркетингтік саясатын ұйымдастыру мәселелерінде қажетті қосымша теориялық және практикалық дайындығы, дербес компьютерді білу дәрежесі - тәжірибелі пайдаланушы  болуы тиіс.

2) ТЖҚ – ға маркетингтік бағаларды айқындау қағидаларына сәйкес тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге (бұдан әрі-ТЖҚ) маркетингтік бағаларды айқындау тәртібін білу, ақпарат көздерін пайдалана отырып, деректерді жинау және тиісті қорытынды жасау әдісін қолдана білу, сондай-ақ:

2.1) «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен бекітілген тауарларға маркетингтік бағаларды айқындау қағидаларында жазылған тәртіпке сәйкес ТЖҚ-ға маркетингтік бағаларды түзетуді қолдану қағидаларын білу;

Функционалдық міндеттері:

1) маркетингтік саясатты енгізу және жетілдіру бойынша іс-шараларды іске асыру бойынша Жоспарларды, Бағдарламаларды орындауға қатысады;

2) ТЖҚ-ға маркетингтік зерттеу жүргізуді бақылайды;

3) материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының атынан өкілдік етеді және «АЖК» АҚ жұмыс кеңестеріне, сондай-ақ материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының тікелей қатысуын қозғайтын барлық мәселелер бойынша алқалы шешім шығару бойынша келісу процестеріне қатысады;

4) Даму жоспарын (келесі күнтізбелік жылға арналған тауарлар тізбесін) қалыптастыруға қатысу бойынша Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады;

5) Даму жоспарын (СГЗ) қалыптастыру кезінде ТМҚ-ны бағалайды және сатып алу жоспарын келіседі және ТЖҚ әлеуетті өнім берушілерінің баға ұсыныстарын талдайды.

6) даму жоспарын қалыптастыру, түзету кезінде құрылымдық бөлімшелерден жіберілген өтінімдер бойынша Қағидаларға сәйкес ТЖҚ бойынша бағаларды маркетингтік зерттеуді жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;

7) Өнім берушілер мен тауарлардың дерекқорын қалыптастыру және толықтыру бойынша басшылықты жүзеге асырады;

8) ТМҚ бірыңғай жіктеуішін (каталогын) қалыптастыру кезінде басшылықты жүзеге асырады;

9) отандық тауар өндірушілер нарығының мониторингі кезінде басшылықты жүзеге асырады;

10) «АЖК» АҚ-да тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің маркетингтік бағасын айқындау қағидаларымен регламенттелетін мерзімдерді сақтайды;

11) бөлім қызметкерлерінің жұмыс көлемін бөледі.

12) бөлімнің қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды; ;

13) белгіленген тәртіппен материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бастығына есептілікті ұсынады;

14) іс жүргізуді жүргізеді, маркетингтік зерттеулер бойынша құжаттар мен материалдарды ресімдейді, бекітілген номенклатураға және іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес Басқарманың ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттамасының мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етеді.

Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда белгіленген үлгідегі түйіндемені толтырып, 17.06.2021ж. дейін АРБ-ға №307 каб. берулерінізді сұраймыз.

Туындаған сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 3761876, 3876. Альмира

ТҮЙІНДЕМЕ ҮЛГІСІН ЖҮКТЕУ

АРБ сенімділікті бақылау және еңбекті қорғау басқармасының сенімділікті бақылау бөлімінің бас маманы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Талаптары:

жұмыс бейіні бойынша жоғары техникалық білімі, электр желілерінде кемінде 3 жыл практикалық жұмыс өтілі және электр қауіпсіздігі бойынша 5-тобы болуы; электр энергетикасы объектілеріндегі апаттарды және технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру дағдылары, сондай-ақ дербес компьютермен жұмыс істеу және нормативтік құқықтық актілерді (қағидаларды, нұсқаулықтарды) әзірлеу дағдылары болуы тиіс.

Функционалдық міндеттері:

1 - Электр энергетикасы объектілеріндегі апаттар мен технологиялық бұзушылықтарды тексеру дағдылары.

2 - АЖК АҚ бөлімшелеріндегі жабдықтарды пайдалану жағдайына комиссиялық тексеру жүргізуге қатысу.

3 – «АЖК» АҚ-да ай сайын өткізілетін Қауіпсіздік техникасы күндеріне қатысу.

4 - актілер-нұсқамалар бере отырып, жұмыс орындарын мерзімді жоспарлы және кенеттен тексеруді жүргізуге қатысу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

5 - тиісті құжаттаманы ресімдей отырып, технологиялық бұзушылықтарды, «АЖК» АҚ энергия объектілерінде болған жанудың және өрттің барлық жағдайларын тексеру жөніндегі комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру.

6 – «АЖК» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің апатқа қарсы іс-шараларын күшейту, желілер жабдығы жұмысының сенімділігі мен үнемділігін арттыру, апаттық ошақтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарларын уақтылы және сапалы жасауын және орындауын бақылау.

7 - жүк көтергіш механизмдерді, көтергіштерді (мұнараларды) қолдана отырып жұмыстар жүргізетін, газбен дәнекерлеу жұмыстарын, сондай-ақ сұйытылған газды пайдалана отырып КЖ монтаждау және жөндеу жұмыстарын жүргізетін бригадалардың жұмыс орындарына кенеттен тексеру жүргізу. (Жүк көтергіш машиналар мен механизмдерді қолдана отырып, сұйытылған газды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге нарядты ресімдеу, жүк көтергіш машиналар мен механизмдерді орнатудың дұрыстығы, газбен жұмыс істеу кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын қолдану және т.б.).

8 - Белгіленген мекенжайға технологиялық бұзушылықтарды тексеру актілерінің, жанудың және өрттің барлық жағдайларының және белгіленген нысан бойынша есептіліктің (жоғары вольтты желілер) уақтылы ұсынылуына, сондай-ақ «АЖК» АҚ құрылымдық бөлімшелерінде технологиялық бұзушылықтар бойынша құжаттаманың ресімделуіне бақылауды жүзеге асыру.

Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда белгіленген үлгідегі түйіндемені толтырып, 09.06.2021ж. дейін АРБ-ға №307 каб. берулерінізді сұраймыз. Туындаған сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 3761876, 3876.

ТҮЙІНДЕМЕ ҮЛГІСІН ЖҮКТЕУ