- Автор: Super User
- Категория: Бос қызмет орындарының мұрағаты
- Қаралды: 1553
АРБ бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: техникалық шарттар басқармасының техникалық шарттарды дайындау қызметінің бас маманы.
Талаптары:
1)
- жоғары кәсіби білімі және жұмыс өтілі 3 жыл;
- электр және тарату желілерінде жұмыс істеу дағдылары болуы тиіс
2)
- «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;
- Электр қондырғыларының қауіпсіздік техникасы ережелерін (қатысты бөлігінде);
- Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану ережелерін (қатысты бөлігінде);
- Электр қондырғыларын орнату ережелерін (қатысты бөлігінде);
- ҚР электр желілік ережелерін (қатысты бөлігінде);
- Электр энергиясын пайдалану ережелерін (қатысты бөлігінде);
- Энергетикалық ұйымдарда персоналмен жұмыс істеу қағидаларын (қатысты бөлігінде);
- қызметіне қатысты өзге де нормативтік-техникалық және нормативтік-құқықтық құжаттарды білуі тиіс.
3)
- кеңсе бағдарламалық пакетімен, Corel Draw, AutoCad, Техникалық құжаттамамен, Электрмен жабдықтаудың бір сызықты схемаларымен жұмыс істей білуі қажет.
Функционалдық міндеттері:
- қосалқы станцияны, су электр станциясын, газтурбиналық электр станциясын, күн электр станциясын және жел станциясын жобалауға және салуға техникалық шарттарды дайындау.
- релелік қорғау және автоматика құрылғыларына, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарына және үздіксіз қоректендіру көздеріне техникалық талаптарды қалыптастыру бөлігін ескере отырып, тұтынушыларды «АЖК» АҚ электр желісіне қосуға техникалық шарттарды дайындау және беру;
- энергия тұтынушыларын энергия жүйесіне қосуға, құрылыс аумағынан ТҚС, КЖ, ӘЖ шығаруға техникалық шарттарды дайындау;
- кернеуі 6 кВ және одан жоғары абоненттік қосалқы станцияларда қосымша трансформаторларды ауыстыруға және орнатуға техникалық шарттарды дайындау;
- электр энергиясының жаңа тұтынушыларын анықтауға байланысты бекітілген схемалардағы немесе жобалардағы өзгерістер туралы ұсыныстар дайындау;
- «АЖК» АҚ біріктірілген менеджмент жүйесінің талаптарына сәйкес стандарттарды сақтау;
- тұтынушылардың электр желілеріне қосылуына байланысты мәселелер бойынша шағымдарын қарау;
- «Модуль ТУ» ақпараттық жүйесі арқылы келіп түсетін техникалық шарттарды беру туралы өтініштердің толықтығы мен қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін қарау.
Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда белгіленген үлгідегі түйіндемені толтырып, 15.07.2021ж. дейін АРБ-ға №307 каб. берулерінізді сұраймыз.
Туындаған сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 3761876, 3876.
- Автор: Super User
- Категория: Бос қызмет орындарының мұрағаты
- Қаралды: 1241
АРБ бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: Телекоммуникация басқармасының электр энергиясын комерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің (ЭКЕАЖ) жетекші инженері (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыста болған уақытына).
Талаптары:
- жоғары кәсіби білімі және жұмыс өтілі 1 жыл, электр қауіпсіздігі бойынша үшінші топтан төмен емес және ТҚЕ, ӨҚЕ, ТПЕ және өндірістік нұсқаулықтар бойынша емтихан тапсырған;
Функционалдық міндеттері:
1) жаңа техникалық құралдарды енгізуді меңгеру, олардың пайдалану сипаттамаларын жақсарту мақсатында есепке алу жүйелерін жаңғырту мәселелерін шешу;
2) ТҚЕ, ТПЕ талаптарына, қолданыстағы нұсқаулықтарға және басқа да материалдарға сәйкес ЭКЕАЖ жабдықтарының сенімді және үнемді жұмысы бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады;
3) жүйенің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және жұмыс процесінде туындайтын бұзушылықтарды жою бойынша жедел шаралар қабылдайды;
4) профилактикалық және жөндеу жұмыстарының кестелерін орындауды жүзеге асырады.
5) есепке алу жүйелерінің техникалық құралдарын әзірлеушілермен оларды пайдалану процесінде туындайтын мәселелерді шешуге міндетті;
6) техникалық құралдарды тестілеу үшін стендтер әзірлеуге қатысу;
7) ЭКЕАЖ жаңа есепке алу нүктелері мен жабдықтарын енгізу жобалары бойынша қарайды және ескертулер береді;
8) ЭКЕАЖ-да ВТ құралдарын дамыту және жаңғырту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу;
9) ЭКЕАЖ СЭ жаңа жабдықты, аппаратураны және құрылғыларды сатып алуға өтінімдерді ресімдеуге көмек көрсетеді;
10) өндірістік тәртіпті сақтайды және барлық ережелерді, техникалық нұсқаулықтарды орындайды;
11) «АЖК» АҚ біріктірілген менеджмент жүйесіне сәйкес ЭКЕАЖ СЭ құжаттамасын жүргізеді;
12) «АЖК» АҚ ЭКЕАЖ бағдарламалық қамтамасыз етуінде түсетін деректерді қарайды және талдайды.
Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда белгіленген үлгідегі түйіндемені толтырып, 07.07.2021ж. дейін АРБ-ға №307 каб. берулерінізді сұраймыз.
Туындаған сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 3761876, 3876
- Автор: Super User
- Категория: Бос қызмет орындарының мұрағаты
- Қаралды: 1152
АРБ материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының қоймалық есепке алу бөлімінің бас маманы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыста болған уақытына).
Талаптары:
1) жоғары кәсіби білімі және 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс; қоймада қойма есебін және құжат айналымын, бастапқы бухгалтерияны, іскерлік хат алмасуды жүргізу дағдысы болуы тиіс; дербес компьютерді меңгеру дәрежесі – тәжірибелі пайдаланушы.
2) Қазақстан Республикасының Материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді перспективалық және ағымдағы жоспарлау әдістері мен тәртібін, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және қойма шаруашылығын ұйымдастыруды, өнімнің сапасын материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі стандарттар мен техникалық шарттарды, Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңнамасының негіздерін; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын, өрт қауіпсіздігінің талаптарын білу;
Функционалдық міндеттері:
1) менеджмент жүйесін енгізу және жетілдіру бойынша іс-шараларды іске асыру жөніндегі жоспарларды, бағдарламаларды орындауға қатысу;
2) Сандық есеп жүргізу, өңдеу және ТМҚ сатып алуға жататын барлық атаулар бойынша деректер базасын жүргізу;
3) жеткізу жағдайларындағы ауытқулар мен өзгерістерге жедел талдау жүргізуге міндетті;
4) ТМҚ жеткізуге жасалатын барлық шарттардың орындалуын есепке алуды жүзеге асыру;
5) бөлім бастығына сандық көрсеткіштер бойынша да, қаржы қаражатының қозғалысы бойынша да барлық орындалған шарттар бойынша есептік деректерді дайындау;
6) Шартқа сәйкес «АЖК» АҚ қоймасына ТМҚ келіп түскен кіріс ордерін ресімдеу ТМҚ бойынша деректерді 1С бағдарламасына енгізу;
7) кедендік рәсімдер бойынша құжаттарды ресімдеу;
8) БМЖ бойынша құжаттаманы басқаруды және Бөлімдегі тәуекелдер бойынша БМЖ бойынша басқаруды жүзеге асыру;
9) қажет болған жағдайда бөлімнің басқа қызметкерлерінің міндеттерін орындау.
Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда белгіленген үлгідегі түйіндемені толтырып, 30.06.2021ж. дейін АРБ-ға №307 каб. берулерінізді сұраймыз.
Туындаған сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 3761876, 3876. Альмира.
- Автор: Super User
- Категория: Бос қызмет орындарының мұрағаты
- Қаралды: 1268
АРБ материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Талаптары:
1) жоғары кәсіптік білімі және 3 жыл жұмыс өтілі болуы; азаматтық-құқықтық мәмілелерді жасау, іскерлік хат – хабарларды жүргізу; есептік деректерді жасау дағдыларына ие болуы; дербес компьютерді меңгеру дәрежесі-тәжірибелі пайдаланушы.
2) Қазақстан Республикасының материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді перспективалық және ағымдағы жоспарлау әдістері мен тәртібін, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және қойма шаруашылығын ұйымдастыруды, өнімнің сапасын материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі стандарттар мен техникалық шарттарды, Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңнамасының негіздерін; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын, өрт қауіпсіздігінің талаптарын білуге тиіс;
Функционалдық міндеттері:
1) тауарлық-материалдық құндылықтарды (бұдан әрі – ТМҚ) сатып алуға жататын барлық атаулары бойынша сандық есепке алуды, өңдеуді жүргізу және мәліметтер базасын жүргізу;
2) ТМҚ сатып алу бюджетін қалыптастыру кезінде жыл сайынғы өтінім беру науқанына қатысу;
3) ТМҚ әлеуетті жеткізушілерімен келіссөздер ұйымдастыруды жүзеге асыру және олармен кейінгі өзара іс-қимылды үйлестіру;
4) тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға конкурстар (тендерлер) өткізу кезінде процестерді үйлестіруге және ұйымдастыруға қатысу;
5) сатып алынатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық сипаттамалары мен ерекшеліктерін зерделеу тұрғысынан конкурстар (тендерлер) өткізу кезінде әлеуетті өнім берушілер ұсынған құжаттарды қарау және зерделеу жөніндегі сараптама комиссияларының құрамына кіру;
6)тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттардың жобаларын әзірлеу және ресімдеу, оларды «АЖК» АҚ құрылымдық бөлімшелерімен келісу процесін жүзеге асыру;
7) БМЖ және бөлімнің тәуекелдері бойынша құжаттаманы басқаруды жүзеге асыру;
8) материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының ережелері мен лауазымдық нұсқаулықтарын жүргізуді жүзеге асыру;
9) «АЖК» АҚ құжаттандыру және құжаттаманы басқару қағидаларына сәйкес іс қағаздарын жүргізуді жүзеге асыру;
10) «1С Предприятие» бағдарламасында жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізуді және қалыптастыруды жүзеге асыру;
11) ТМҚ-ның жылдық сатып алу және жеткізу жоспарын орындау мәселелері бойынша басшылыққа есеп беру деректерін ұсыну;
12)сұратылған ақпаратты «АЖК» АҚ Жалғыз акционеріне ұсыну;
13) «АЖК» АҚ ішкі құжаттарына сәйкес Бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау.
Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда белгіленген үлгідегі түйіндемені толтырып, 30.06.2021ж. дейін АРБ-ға №307 каб. берулерінізді сұраймыз.
Туындаған сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 3761876, 3876. Альмира.
- Автор: Super User
- Категория: Бос қызмет орындарының мұрағаты
- Қаралды: 1207
АРБ күрделі құрылыс басқармасының құрылысты техникалық бақылау бөлімінің жетекші инженері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Талаптары:
1) жоғары кәсіби (техникалық / энергетикалық) білімі және жұмыс өтілі 1 жыл;
2) әдістемелік және нормативтік материалдар;
- заманауи ақпараттық технологияларды қолданып қызметтік құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібі;
- ішкі еңбек тәртібінің ережелері;
- еңбекті қорғау ережелері мен нормалары;
- іс жүргізу негіздері;
- дербес компьютер мен ұйымдастыру техникасын меңгеру.
Функционалдық міндеттері:
1) құрылыс процесінде геодезиялық жұмыстардың орындалғанын растайтын құжаттардың болуын тексеруді жүзеге асырады;
2) құрылыс-монтаждау жұмыстары, авторлық және тәуелсіз техникалық қадағалау бойынша шарттық міндеттемелердің, «АЖК» АҚ регламенттер талаптарының сақталуын бақылайды;
3) құрылыс-монтаждау жұмыстары кестелерінің сақталуына тұрақты бақылау жүргізеді;
4) тәуелсіз техникалық қадағалау және авторлық қадағалау қорытындысы негізінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын конструкциялардың, бұйымдардың, материалдардың және жеткізілетін жабдықтардың жобалық шешімдерге, ҚНжЕ және стандарттардың, техникалық шарттардың және басқа да құжаттардың талаптарына сәйкестігін бақылайды;
5) құрылыста пайдаланылатын конструкциялардың, бұйымдар мен материалдардың сапасын куәландыратын құжаттардың (техникалық паспорттардың, сертификаттардың, зертханалық сынақтар нәтижелерінің және т. б.) болуын тексеруді жүзеге асырады;
6) куәландыруға ұсынылмаған жасырын жұмыстар анықталған жағдайда, орындалған жұмыстарды куәландырғанға және бағалағанға дейін одан әрі жұмыстарды жүргізуге тыйым салады;
7) тәуелсіз техникалық қадағалау қорытындысының негізінде мердігер ұйымдардан тәуелсіз техникалық қадағалау және авторлық қадағалау, мөрмен бекітілген жеке қол қою, нақты орындалған көлемдер және олардың жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігі расталғаннан кейін осы актілерге бұрыштама қою арқылы № Ф-2В нысандағы актілер бойынша орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарын қабылдауды жүзеге асырады;
8) бас мердігер және мамандандырылған (монтаждау) өкілімен, сондай-ақ жобалау ұйымымен бірлесіп, әзірлігіне қарай ғимараттар мен құрылыстардың, тіректердің, сыйымды құрылыстардың, көтергіш металл және темірбетон конструкциялардың және т. б. жауапты конструкцияларын аралық қабылдауға қатысады.;
9) монтаждауға түсетін жабдықтың жай-күйін және жобаға сәйкестігін тексеруге, оны монтаждау сапасын бағалауға, кешенді сынауға және пайдалануға қабылдауға қатысады;
10) қабылданған және төленген құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі мен құнының, сондай-ақ мердігерлік ұйым сапасыз орындаған құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі мен құнының есебін жүргізеді;
11) атқарушылық техникалық құжаттаманың (атқарушылық схемалардың, аспаптық түсірілімдердің, монтаждалған конструкциялардың, ғимараттардың, құрылыстардың және инженерлік коммуникациялардың бөліктерінің, жұмыстардың жалпы және арнайы журналдарының) болуын және жүргізілуін және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде анықталған кемшіліктер мен ақауларға байланысты оған өзгерістер енгізуді бақылайды;
12) құрылыс-монтаждау ұйымдарының авторлық қадағалау мен сәулет-құрылыс бақылау органдарының нұсқаулары мен нұсқамаларын, сондай-ақ орындалатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының және қолданылатын конструкциялардың, бұйымдардың, материалдар мен жабдықтардың сапасы мәселелеріне қатысты тәуелсіз техникалық қадағалау талаптарын орындауын бақылайды;
13) жекелеген жұмыс түрлерін, ғимараттардың, құрылыстардың және жалпы объектілердің құрылымдық элементтерін қабылдау кезінде анықталған ақаулар мен кемшіліктерді уақтылы жоюды бақылайды;
14) консервациялауға жататын объектілерді, ғимараттар мен құрылыстарды куәландыруға және құрылысты консервациялауға немесе уақытша тоқтатуға арналған құжаттаманы ресімдеуге, сондай-ақ жұмыстарды жалғастыру үшін құрылыс-монтаждау ұйымдарына беру кезінде объектілердің техникалық жай-күйін бағалауға қатысады;
15) құрылыс объектілеріндегі апаттық жағдайдың барлық жағдайлары және апаттарды жою жөніндегі жұмыстардың көлемі туралы жоғары тұрған басшылықты уақтылы хабардар етеді;
16) қажеттілігіне қарай тәуелсіз техникалық қадағалау жүргізетін құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалған көлемдерін бақылау өлшемдеріне қатысады;
17) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және сәулет - құрылыс бақылау органдары жүргізетін тексерулерге қатысады;
18) жобалау-сметалық құжаттамада сәйкессіздік анықталған жағдайда, жоғары тұрған басшылыққа хабарлайды;
19) авторлық және/немесе тәуелсіз техникалық қадағалаулардың теріс қорытындысы негізінде жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келмейтін орындалған жұмыстар көлемін ресімдеуге жол бермейді;
20) техникалық кеңестердің хаттамаларын, бұйрықтар мен өкімдерді дайындайды, жоғары тұрған басшылықтың тапсырмасы бойынша хат алмасуды жүргізеді;
21) БМЖ талаптарына сәйкес стандарттарды сақтайды.
Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда белгіленген үлгідегі түйіндемені толтырып, 30.06.2021ж. дейін АРБ-ға №307 каб. берулерінізді сұраймыз.
Туындаған сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 3761876, 3876.
АРБ ПЖБ жетекші маманы Мухпулова А.М.