- Автор: Super User
- Категория: Тарифтер
- Қаралды: 135
Тарифтер
14.04.2026
Подключиться к конференции Zoom
https://us06web.zoom.us/j/3973835856?pwd=Qpr4WJEmxHUciiEBauIqNIMQecRfxw.1&omn=82589266643
Идентификатор конференции: 397 383 5856
Код доступа: 1111
07.04.2026
26.03.2026
«Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамының 2026-2030 жылдарға электр энергиясын беру бойынша реттелмелі қызмет тарифтерін өзгерту туралы хабарлама
Осы арқылы «Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша департаменттерінің «Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамының 2026-2030 жылдарға электр энергиясын беру бойынша реттелмелі қызмет тарифі мен тарифтік сметасын бекіту туралы» 2025 жылғы 28 қарашадағы № 160-ОД және № 194-ОД бірлескен бұйрығына ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2026 жылғы 20 наурыздағы № 51-ОД бұйрығымен өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.
Өзгерістер «АЖК» АҚ берген өтінімімен байланысты Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №204-VI «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 22-бабы 1-тармағы 1), 5), 9-1) тармақшаларына және 19.11.2019 ж. №90 Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының (ТҚҚ) 601-тармағының 1), 5), 10) тармақшаларына, сондай-ақ, 602 тармағына сәйкес негізде енгізілді:
1), 1) стратегиялық тауарлар құнының және стратегиялық тауарларды тасымалдауға арналған мемлекеттік реттеуге жататын тарифтердің (бағалардың) өзгеруі;
5), 5) ұсынылатын реттелмелі қызметтер көлемінің ұлғаюы;
9-1), 10) субъектілерге реттелмелі қызметтер ұсыну кезінде технологиялық циклде қолданылатын мүлікті жергілікті атқару органдарынан, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органнан сенімгерлік басқаруға алу;
ТҚҚ 602-тармағы - электр энергиясының жалғыз сатып алушысынан электр энергиясын сатып алу бағасының айырмасынан алынған, алдында аяқталған мерзімдегі (жылдағы) нақты шығындардың пайда болуы.
Енгізілген өзгерістермен байланысты, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ 2026-2030 жылдарға электр энергиясын беру бойынша реттелмелі қызмет тарифтері келесідей түрде бекітілді:
- 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 13,65 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз);
- 2026 жылғы 1 сәуірден бастап – 15,42 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз);
- 2027 жылға – 15,48 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз);
- 2028 жылға – 16,21 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз);
- 2029 жылға – 16,58 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз);
- 2030 жылға – 17,28 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз).
18.03.2026 ж.
"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында жария тыңдау нысанында бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттелетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерін сақтау және 2025 жылдың қорытындысы бойынша "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізген табыстары туралы есеп беруді өткізетінін хабарлайды.
Табиғи монополия субъектісінің атауы және орналасқан жері: "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ, заңды мекенжайы: Алматы қ., Манас к-сі, 24б;
Есеп беру өткізілетін күн мен орны: 2026 жылғы 15 сәуір, сағат 15: 00-де, Алматы қ., Розыбакиев көшесі, 6.
Ұсынылатын реттелетін қызметтердің түрі: электр энергиясын беру қызметтері.
Есепті тыңдау офлайн және онлайн форматта өткізіледі. Бейнеконференцияға қосылуға сілтеме (Zoom платформасында) "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ ресми сайтында "тарифтер" бөлімінде қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күні сағат 10:00-ге дейін орналастырылады (https://www.azhk.kz).
- Автор: Super User
- Категория: Тарифтер
- Қаралды: 4258
Тарифтер
Құрметті тұтынушылар!
ҚР Президентінің тапсырмасын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтеріне тарифтерді төмендету бойынша ҚР Үкіметінің жүргізіп отырған жұмысын орындау мақсатында, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ әлеуметтік маңызды Компания бола отырып, бекітілген Инвестициялық бағдарламаның және 2019 жылға арналған Тарифтік смета бойынша шығындар бөлігінде қызметтің реттелетін түрін ұсынуға арналған шығындарды қайта қарастырды. Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның 2019 жылға тарифтің шекті деңгейін төмендетуге тиісті өтінімдер/шешімдер уәкілетті органға жіберілді.
Осыған байланысты, Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменттерінің 28.11.2018 жылғы №246-НҚ, № 247-НҚ және Алматы облысы бойынша департаментінің 28.11.2018 жылғы №405-НҚ, 29.11.2018 жылғы № 409-НҚ Бірлескен Бұйрығымен «АЖК» АҚ-ның 2019 жылға электр энергиясын беру және бөлу қызметтеріне арналған тарифтік сметасына өзгерістер енгізілгенін және01.01.2019 жылданбастап қолданысқа енгізілетін, «АЖК» АҚ-ның 2019 жылға5,63 теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз) мөлшерінде, тарифтің шекті деңгейі бекітілгенін хабарлайды.
Сондай-ақ, Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменттерінің 28.11.2018 жылғы № 248-НҚ және Алматы облысы бойынша департаменттерінің 29.11.2018 жылғы №410-НҚ Бірлескен Бұйрығымен Алматы қаласы бойынша 21.06.2018 жылғы № 128-НҚ және Алматы облысы бойынша №223-НҚ «Электр энергиясын беру бойынша «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметтеріне уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы» және 2019 жылға «АЖК» АҚ уақытша өтемдік тарифінің деңгейі қайта қаралды. Электр энергиясын беру және тарату бойынша қызметтерге уақытша өтемдік тариф 5,34 теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз) мөлшерінде бекітілді, қолданылу мерзімі 7 ай, 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұл ретте, тарифтің орташа жылдық деңгейі 5,46 теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз) құрайды.
Тарифтің осыған дейін бекітілген шекті деңгейінің төмендеуі 8% немесе 0,45 теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз) құрайды.
Құжаттар:
Бекітілген түзетілген тариф және 2019-2020 ж.ж. арналған тарифтік смета
2018ж. бекітілген түзетілген тарифтік смета және 2019 жылға бекітілген түзетілген тариф пен тарифтік смета
2019 жылға бекітілген өтемдік тариф
Құрметті тұтынушылар!
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша департаменттерінің 2018 жылғы 21 маусымдағы №128-НҚ және №223-НҚ бірлескен бұйрығымен «АЖК» АҚ – ның электр энергиясын жеткізу және бөлу қызметтеріне 5,73 теңге/квтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде уақытша өтемдік тарифі бекітілгенін хабарлайды, 2018 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі, мерзімі-1 жыл.
Құжаттар:
2018 жылға бекітілген өтемдік тариф
Бекітілген тарифтің күшін жою туралы
Құрметті тұтынушылар!
"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша департаменттерінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі №37-ОД және 2018 жылғы 18 сәуірдегі №67-ОД бірлескен бұйрығы шеңберінде 2018 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2018-2020жж. тарифтердің шекті деңгейлері мен тарифтік сметасы бекітілгенін хабарлайды.:
• 2018 жылғы 1 мамырдан бастап-6,03 теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз);
• 01.01.2019 ж.бастап -6,21 теңге/квтс. (ҚҚС-сыз);
• 01.01.2020 ж.бастап -5,93 теңге/квтс. (ҚҚС-сыз ).
Құжаттар:
2018-2020 ж.ж. бекітілген тариф және тарифтік смета
Құрметті тұтынушылар!
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ (заңды мекен-жайы: Алматы қаласы, Манас көшесі, 24б) реттелетін қызметтердің (электр энергияны бөлу және жеткізу) 2017 жылғы әрекеттері бойынша тұтынушылардың және өзге мүдделі тұлғалардың алдында жыл сайынғы есебі 2018ж. 15 наурызы сағат 16.00-де өтетінін хабарлайды.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, 6 (акті залы).
- Автор: Super User
- Категория: Тарифтер
- Қаралды: 2915
Тарифтер
Құрметті тұтынушылар!
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ (заңды мекен-жайы: Алматы қаласы, Манас көшесі, 24б) тұтынушыларға және өзге мүдделі тұлғаларға 2016 ж. 14 наурызда сағат 15.00-де «АЖК» АҚ-ның электр энергиясын жеткізу және бөлу қызметтерінің 2015 жылғы әрекеттері бойынша жыл сайынғы тыңдалымдарының өтетінін хабарлайды.
Место проведения: г.Алматы, ул.Розыбакиева, 6 (актовый зал).
Өткізу орны: Алматы қ., Розыбакиев көшесі, 6 (акт залы).
«АЖК» АҚ тарифінің өзгеруі туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 17 шілдедегі № 213-НҚ Бұйрығының 3б. 27т. сәйкес, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «АЖК» АҚ), Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Департаменттерінің 2016 жылғы 26 шілдедегі №200-НҚ Бірлескен бұйрығымен, төтенше реттеу шаралары ретінде электр энергиясын бөлу және жеткізу бойынша «АЖК» АҚ-ның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің шекті деңгейі бекітілгенін хабарлайды.
Жоғарыда аталған бұйрыққа сәйкес, реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тариф деңгейі келесіні құрайды (2017 жылға 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілумен):
• 2017 жылға 5,83 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
• 2018 жылға 6,04 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
• 2019 жылға 6,23 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
• 2020 жылға 5,95 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз).
- Автор: Super User
- Категория: Тарифтер
- Қаралды: 3497
Тарифтер
«АЖК» АҚ тарифінің өзгеруі туралы
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «АЖК» АҚ) хабарлайды – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Департаменттерінің 2016 жылғы 26 шілдедегі Алматы қаласы бойынша №127-ОД және Алматы облысы бойынша №200-ОД бекітілген бұйрықтары шеңберінде 2018 жылғы «АЖК» АҚ реттелген қызметі тарифінің шектік деңгейі (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) ҚҚС қоспағанда 6,04 теңге/кВтч құрайды.
Құрметті тұтынушылар!
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ (заңды мекен-жайы: Алматы қаласы, Манас көшесі, 24б) реттелетін қызметтердің (электр энергияны бөлу және жеткізу) 2016 жылғы әрекеттері бойынша тұтынушылардың және өзге мүдделі тұлғалардың алдында жыл сайынғы есебі 2017ж. 10 наурызы сағат 16.30-да өтетінін хабарлайды. Өтетін орны: Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, 6 (акті залы).
"Егемен Қазақстан" газетінің 2017 жылғы 14 ақпандағы №31(29012 ) санында, "Казахстанская правда" газетінің 2017 жылғы 14 ақпандағы №31 (28410) санында жарияланды.
- Автор: Super User
- Категория: Тарифтер
- Қаралды: 4150
Тарифтер
Құрметті тұтынушылар!
«Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «АЖК» АҚ) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 4-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің № 237-НҚ және Алматы облысы бойынша Департаментінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 388-НҚ Бірлескен бұйрығымен, электр энергиясын жеткізу және бөлу бойынша «АЖК» АҚ-ның реттелетін қызметтеріне арналған тарифтердің шекті деңгейлерінің бекітілгенін хабарлайды
Жоғарыда көрсетілген бұйрыққа сәйкес, 2016 жылға арналған реттелетін қызметтерге тарифтің шекті деңгейі 5,35 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) құрайды (2016 жылғы 01 қаңтардан бастап іске қосылуымен):
• 2017 жылы 5,62 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз);
• 2018 жылы 5,85 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз);
• 2019 жылы 5,91 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз);
• 2020 жылы 5,95 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз).
Сондай-ақ, «АЖК» АҚ тарифтің өзгергені туралы хаттарды төмендегі тікелей тұтынушыларға жіберді:
27.11.2015ж. №28 – 6577 «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС.
27.11.2015ж. №28 – 6574 «Алматы электр станцалары» АҚ
27.11.2015ж. №28 – 6578 ЭжКШБ «Бастау» ШЖҚ-дағы МКК
27.11.2015ж. №28 – 6582 ЭжКШБ «Су желісі» ШЖҚ-дағы МКК
27.11.2015ж. №28 – 6584 ЭжКШБ «Тоспа Су» ШЖҚ-дағы МКК
27.11.2015ж.№28 – 6576 «Алматы Халықаралық әуежайы» АҚ
27.11.2015ж. №28 – 6575 «KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ»
27.11.2015ж. №28 – 6580 «КазФерроСталь» АҚ
27.11.2015ж. №28 – 6583 «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ филиалына- «Магистралдық торап дирекциясы»
27.11.2015ж. №28 – 6581 «Мойнақ ГЭС АҚ
27.11.2015ж. №28 – 6579 «Kaz Electro» ЖШС


